Шымкентте сән, ұлттық нақыш пен кәсіпкерлікті бір арнаға тоғыстырған TERRA көрмесі басталды. Үш күнге жалғасатын ауқымды шара отандық брендтер мен кәсіпкерлердің өнімдерін таныстыруға мүмкіндік береді. Жиында сән көрсетілімінен бөлек, шығармашылық кездесулер де ұйымдастырылды.
Көрмеге қатысушылардың қатарында мехенди өнерінің шебері Фариза Сабитқызы да бар. Мехенди — теріге арнайы қоспамен өрнек салу арқылы орындалатын сәндік өнер түрі. Шебер көрме барысында өз жұмысын таныстырып, келушілерге өнердің қыр-сырын көрсетуге мүмкіндік алды.
Ұлттық нақышты заманауи үлгімен ұштастырып жүрген кәсіпкерлер де көрмеден шет қалмады. 2019 жылдан бері қазақы сөмке жасауды қолға алған қызылордалық кәсіпкер арнайы келіп, өз туындыларын көпшілікке таныстырды. Оның өнімдерінен ұлттық ою-өрнек пен бүгінгі сән үрдістерінің үйлесімін байқауға болады. Қол еңбегіне негізделген мұндай бұйымдар ұлттық мұраны күнделікті қолданысқа енгізудің бір жолы. TERRA көрмесі отандық өнімдерді дәріптеп қана қоймай, шағын кәсіп иелерінің жаңа тұтынушылар табуына да мүмкіндік береді.
TERRA көрмесі дәстүрлі түрде ұйымдастырылып, биыл да сән мен кәсіпкерлік саласының өкілдерін бір алаңға жинады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаның мақсаты — жергілікті кәсіпкерлерді қолдау, отандық брендтердің танымалдығын арттыру және жаңа серіктестіктерге жол ашу.
Көрмеде түрлі тауарлар ұсынылып қана қоймай, сән көрсетілімдері де ұйымдастырылды. Оған Қазақстанмен қатар, көршілес елдердің брендтері мен шығармашылық өкілдері де қатысуда. Үш күнге жоспарланған шара қатысушыларға өзара тәжірибе алмасып, жаңа идеялар мен іскерлік байланыстар қалыптастыруға мүмкіндік береді.
site-verification-ok
site-verification-ok

Ray ID: 8f3a2c1b9d4e5f6a · Performance & security by Cloudflare