Қазақстанға 1991 жылдан бері 1 миллионнан астам қазақ көшіп келген. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де жазды.
«18.11.1991ж. Н.Назарбаевтың бастамасымен шетелдегі қандастарымызды елге көшіру туралы ҚазССР Үкіметінің қаулысы қабылданды. Бұл қандастарымыздың тарихи Отанына оралуына мүмкіндік берген маңызды құжат болды. 1991 ж. бері Қазақстанға 1 млн. астам қазақ көшіп келді,» — делінген хабарламада.
18.11.1991ж. Н.Назарбаевтың бастамасымен шетелдегі қандастарымызды елге көшіру туралы ҚазССР Үкіметінің қаулысы қабылданды. Бұл қандастарымыздың тарихи Отанына оралуына мүмкіндік берген маңызды құжат болды. 1991 ж. бері Қазақстанға 1 млн. астам қазақ көшіп келді. pic.twitter.com/7qKdgZXhTj
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) November 18, 2019