Шымкентте жол қозғалысына қауіп төндірген екі жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында қос темір тұлпардың жүргізушілері қалың түтін шығарып, қауіпті маневрлер жасаған бейнежазбалар анықталған. Тексеру нәтижесінде олардың қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, өзге жүргізушілерге қауіп төндіргені белгілі болды. Сонымен қатар, құқық бұзушылардың бірінің көлік құралын басқаруға заңды құқығы болмаған. Аталған фактілер бойынша ұсақ бұзақылық, жол қозғалысына қауіп төндіру және көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзу баптарымен әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сот шешімімен екі жүргізуші де 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Полицейлер мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары «Таза Қазақстан» акциясы аясында тұрақты түрде жүргізіліп жатқанын атап өтті.
ЗАҢДЫ БІЛГЕН – ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАЙДЫ
Шымкентте «Халық заңгері» акциясы тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетті Қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде заңның үстемдігі айрықша мәнге...










