Шымкентте ішкі істер органдарының есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Полиция департаменті мен Мансап орталығы ұйымдастырған шара барысында 200-ге жуық адам жұмысқа орналасу бойынша кеңес алып, жұмыс берушілер ұсынған бос орындармен танысты. Мамандар қатысушыларға лайықты жұмыс таңдауға көмектесіп, кәсіби оқыту мүмкіндіктерін түсіндірді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар азаматтарды әлеуметтік бейімдеуге, тұрақты табыс табуына және құқық бұзушылықтың алдын алуға ықпал етеді.
ЗАҢДЫ БІЛГЕН – ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАЙДЫ
Шымкентте «Халық заңгері» акциясы тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетті Қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде заңның үстемдігі айрықша мәнге...










