• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Тамыз 17, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ КЕҢЕСІ ТҮРКІ УНИВЕРСИТЕТТЕРІ ОДАҒЫНЫҢ IV БАС АССАМБЛЕЯСЫ ӨТТІ

25.04.2019
0

Түркістанда   23-24 сәуір аралығында  Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университетінде Түрік кеңесі Түркі университеттері одағының IV Бас ассамблеясы өтті.  

Бұл маңызды басқосуға Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Венгрия сияқты 15-тен астам мемлекеттен ректорлар, дипломаттар, халықаралық ұйымдардың өкілдері, эксперттер, ғалымдар,  студент жастар, қоғам және мәдениет қайраткерлері қатысты. 

Айта кету керек, Түрік университеттері одағының негізі Түрік Кеңесі іс-шаралары аясында 2013 жылы қаланды. Қазіргі таңда Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркияның жалпы саны 19 жоғары оқу орны аталмыш Одақтың мүшесі болып табылады.

Түрік кеңесі Түркі университеттері одағының IV Бас ассамблеясы мәжілісі Түрік Кеңесінің Бас төрағасы Б.Амреев, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті Кеңес төрағасы профессор Муса Йылдыз және университет ректоры профессор Болатбек Абдрасиловтың құттықтау сөзінен кейін өз жұмысын бастады.

Мәжіліс барысында, Түрік Кеңесі Түрік университеттері одағы шеңберінде жалпы түріктік білім және ғылымның бірыңғай желілік кеңістігін қалыптастыру, «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» сияқты жалпы түріктік рухани құндылықтарға негізделген білім беру бағдарламаларының үйлесімдігін қамтамасыз ету, сондай ақ, «Түркістан процесі» деп аталатын  жоғары білім туралы дипломдарды өзара танудың оңтайландырылған механизмдерін енгізу туралы инновациялық жобамәселелері талқыланады. Сонымен қатар пилоттық жоба болып келген «Орхун» академиялық ұтқырлық бағдарламасының кең көлемді ұтқырлық бағдарламасына айналдыру жөнінде нақты ұсыныстар енгізілді. 

Жиында сөз алған Түркі кеңесі Бас хатшысы Б. Әмреев  «Түгел түркі жұртының рухани орталығы, төрт қақпалы Түркістан қаласында өткізіліп жатқан бұл бастамалар мүше мемлекеттер мен барлық түркі халықтар үшін оң нәтижелер береді деп ойлаймын. Түркі кеңесі Түркі университеттер одағының төртінші бас ассамблеясы барысында елдеріміз үшін оңды шешімдерге қол жеткіземіз деп үміттенемін», – деді.

Мәжіліске қатысушылар тарапынан «ұлттық шекараларсыз сапаны бақылау» үлгісінде (әлемдік аккредитациялау агенттіктерінің мысалында) жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі жалпытүркілік аккредитациялау агенттігін құру ұсынысы қолдау тапты.

Сондай-ақ университет ректоры Б.Абдрасилов «Білім беру қызметтерінің сапа жүйесін жақсарту мақсатында, келешекте дүниежүзілік трендтерге сәйкес оқу үдерістерін стандарттауға кепілдік бола алатын, жоғары оқу орындарымыздың беделінің күшеюіне септігін тигізетін жалпытүріктік білім кеңістігіне қызмет ететін тәуелсіз аккредиттеу агенттігін құру керек деп есептеймін», деп атап өтті.   

Ассамблея отырысында сөз сөйлеген халықаралық Elsevier компаниясының  Орталық Азия және Әзірбайжандағы аймақтық басшысы   А.К. Оспанова және Түркия Республикасы бойынша өкілі Айхан Саражоғлы оқу және ғылыми жұмыстардың сапасын жақсарту бойынша ЖОО және мемлекеттердің атқарып отырған әрекеттерін бірлестіру арқылы Түркі әлемінің университеттерінің рейтинг дәрежесін көтеру мүмкіндігі және осы бағытта компания тарапынан ЖОО әлеуетін арттыруға бағытталған қажетті қызметтерді көрсетуге дайын екендерін атап өтті. 

IV Бас ассамблея мәжілісінде Түркияның Кападокия университетінің, Түркияның Нигде Өмер Халисдемир университетiнің, Түркияның Гази университетінің, Әзірбайжан мемлекеттiк экономика университетінiң және Венгрияның Сегде университетінің Түркi университеттер одағына мүшелігі ресми түрде бекітілді. 

Биылғы жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университеті Түрік университеттері одағының кезең төрағасы болып табылады. Бас ассамблея іс шаралары аясында Түркістан облысы әкімдігі мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік университетінің ұйымдастыруымен кеше салтанатты ашылуы болған  Түрік Кеңесі Жас көшбасшыларының ІІ Форумы және Қазақстанда жастар жылының жариялануына байланысты Түркі әлемінің мәдениет және өнер фестивалі жоғары дәрежеде өтті.  Екі күн бойы қазақтың төл өнері – айтыс пен Түркі халықтары жастарының мәдениет және өнер фестивалі түркістандықтардың құлақ құрышын қандырды.    

Бұл іс шаралардың барлығы Түрік әлемінің алтын бесігі — тарихи Түркістан қаласында өтіп жатқаны ерекше назар аударатын жағдай. Қазіргі таңда Түркістан күн өткен сайын әлемдік аренада инновациялық, технологиялық, халықаралық, мәдени және рухани байланыстарды бірлестіретін білім мен ғылымды ұштастыратын хаб ретінде алға ұмтылуда.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

БІР ҮЙДЕН 300 КГ ЕСІРТКІ ТАБЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Есірткі саудасы әлі де өзекті. Кезінде қолма қол саудада болса бүгінде бұл қылмыс түрі онлайн форматқа көшкен. Яғни интернет арқылы...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

40 ОТБАСЫ ПӘТЕР ИЕСІ АТАНДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Шымкентте тағы 40 отбасы баспаналы болды. Салтанатты рәсімге қала әкімі қатысып, жаңа пәтер иелерін қуаныштарымен құттықтады. Заманауи тұрғын үйлерден берілген...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Жыл сайын әлеуметтік аз қамтылған отбасының мектеп қабырғасында оқитын балаларына білім күні қарсаңында керек-жарағын қамту үшін бір реттік көмек түрі...

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

Айғақ медиа
11.08.2026
0

Салмағы 18 тоннаға жуық автобусты тісімен тартқан Шымкенттік азамат әлемдік рекордты тағы бір жаңартты. Дәлірек айтқанда Артық Досалиев есімді 53...

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

Айғақ медиа
10.08.2026
0

Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде ел тыныштығын күзетіп, қызметтік міндетін абыроймен атқарып жүрген қос азамат марапатталды. Капитан Рахымжан Тұяқбаев пен...

ОТАНДЫҚ БРЕНДТЕРДІ ТОҒЫСТЫРҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ ПАССИОНАРЫ

Айғақ медиа
10.08.2026
0

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…» – деп адамдықтың биік өлшемін ұсынған Абайдың әр сөзі бүгін де өз мәнін жоғалтқан жоқ....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.