• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Қараша 1, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

Д.Абаев: БАҚ аккредиттеудің жаңа қағидалары келісімге келу нәтижесінде қабылдануы керек

20.02.2019
0

БАҚ аккредиттеудің жаңа қағидалары келісімге келу нәтижесінде қабылдануы керек, деп мәлімдеді ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев.

«БАҚ аккредиттеу қағидасының жобасына жеке тоқталғым келеді. Вице-министр Нұргүл Мәуберлиноваға жобаны талқылауды ұйымдастыруды, журналистердің ескертулері мен ұсыныстарын жинақтауды тапсырамын. Бұл қағидалар консенсусқа келу нәтижесінде қабылдануы керек, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарының пікірін ескеру керек», — деп мәлімдеді Д.Абаев сәрсенбідегі ведомство алқасында.

Еске салсақ, 13 ақпанда ҚазТАГ АКМ «Журналистерді аккредиттеу қағидатын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 138 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрығына түзетулер енгізуге ниетті екенін хабарлады. Сол түзетулер енгізілген жағдайда қолданыстағы қағидаларға қарағанда журналистердің іс-шараларды таратуға жіберілу ережесі күшейтілетін болады. Құжат 13 ақпанда қоғамдық талқылауға шығарылды, ол 27 ақпанға дейін жалғасады.

АКМ жоспарын Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев та сынады, ол аккредиттеудің жаңа қағидалары арқылы мемлекеттік органдар журналистердің қоғамдық жаппай шараларға жіберілуін шектейді деп санайды. Ол журналистің шара өтетін жердегі ішкі тәртіпті сақтауға жазбаша түрде келісім беру сияқты мағынасыз талап Қазақстанда ешқашан болған емес деп атап өтті. Сонымен қатар ол журналист пен БАҚ арасында келісім-шарттық қарым-қатынастың барын растайтын құжатты ұсыну туралы тармаққа да көңілі толайтынын білдірді, себебі ол азаматтық журналистиканың жоғалуына алып келеді. С. Матаев әзірге қағида жобасын талқылайтын уақыт бар кезде қазіргі таңда қоғамдық пікірді қалыптастырудың маңызды сегменті болып табылатын әлеуметтік желіде көптеген сын туғызу керек деп санайды.

«Өз кезегінде, біз қағида жобасын әріптестерімізбен, халықаралық «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қорымен талқылаймыз, сөйтіп қандай да бір келісілген шешім қабылдаймыз, үнсіз қалмаймыз», — деп түйді сөзін Қазақстан журналистер одағының төрағасы.

АКМ-ның түзету енгізу туралы жоспарын басқа алаңдардағы журналистер де сынға алды, соның ішінде Facebook әлеуметтік желісіндегі қоғамдастықтарда да, сондай-ақ WhatsApp мессенджерінде кәсіби чаттар топтарында да талқыланды.

Міне кейбір пікірлер: «Журналистер сөз бостандығы үшін! Журналистер Абаевтың отставкасы үшін!», «Бір нәрсе жасайық. Ертең тек трансляцияны, сауалдар бойынша берілген жауаптарды ғана өңдеп отыратын боламыз», «Бұған дейін де түзетулер болған, бұған дейін де – біртіндеп редакцияларды жою, журналистер мен редакцияларды ашықтан-ашық сатып алу, оның үстіне түзетулер, тағы редакциялау. Егер тарихқа көз жүгіртсек- біз өз-өзімізді жоюға өзіміз жол берген екенбіз», «Министр осы қызметіндегі уақытта қолдауға тиіс саласына қысым көрсетумен айналысып келген».

14 ақпанда Ақпарат және коммуникация министрлігінің БАҚ қызметкерлерін аккредиттеудің қолданыстағы қағидасын күшейтуге бағытталған бастамасына түсінік берген Қазақстан парламенті сенатының депутаты Дариға Назарбаева журналистердің өз мамандықтары үшін күресе білулері керегін айтты.

«Қазір билікпен өзара қарым-қатынас жасаудың барлық мүмкіндіктері бар. Заң жобалары талқыланғанда – өз пікірін білдіріп, парламент және үкімет депутатттарымен жұмыс жасауға. Сіздер өз мамандықтарыңыз үшін күресе білулеріңіз керек. Осыны жақсы үйреніңіздер. Сіздер тек бірдеме болып қалған жағдайда ғана еске аласыздар», — деді бейсенбіде сенат кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген Д.Назарбаева.

Бұл ретте ол АКМ бұйырығының жобасымен таныспағанын атап өтті.

Сол күні алматылық журналистердің ақпарат және коммуникация министрлігінің (АКМ) іс-шараларға аккредиттеудің жаңа ережелері туралы бұйрық жобасына қарсы митинг өткізу туралы қалалық әкімдікке өтініш жолдағаны хабарланды.

13 ақпан күні жоба қоғамдық талқылауға шыққан сәттен бастап журналистер АКМ жоспарын сынға алатын теріс пікірлер қалдыруда.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

Ө.БАТЫРБЕКТІҢ ӨШПЕС ӨНЕРІ

БҮГІНГІ ТӘРБИЕ – ЕРТЕҢГІ БОЛАШАҚ

Айғақ медиа
30.10.2026
0

Ата сөзі ақылдың көзі. Ұлттық құндылықты ұлықтап, ұрпақтар сабақтастығын жалғау мақсатында Шымкент қаласының ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері бір алаңда...

Ө.БАТЫРБЕКТІҢ ӨШПЕС ӨНЕРІ

АЛАЯҚТАРҒА ҚАРСЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ

Айғақ медиа
30.10.2026
0

Енді көпе-көрнеу жасалатын алаяқтық схемалардың жолы кесіледі. Өйткені шымкенттік жастар жасанды интеллекттің көмегімен өзгенің атын жамылып жарнама жасаушы парақшалар мен...

Ө.БАТЫРБЕКТІҢ ӨШПЕС ӨНЕРІ

КӨК АСПАНДАҒЫ МЕРЕКЕЛІК ШОУ

Айғақ медиа
30.10.2026
0

Республика күні Шымкент аспаны мың батпырауыққа толып, ShymCity Park аумағы мерекелік алаңға айналды. Мұнда арнайы фестиваль өтіп, мото маусымының жабылу...

Ө.БАТЫРБЕКТІҢ ӨШПЕС ӨНЕРІ

КӨК БАЙРАҚ АСҚАҚТАДЫ

Айғақ медиа
30.10.2026
0

Ел боламын деген жұрттың еңсесін тіктеп, рухын асқақтататын ұлық мерекесі бар. Ол – Республика күні. 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған...

ШЫМКЕНТ – ИНВЕСТИЦИЯ МЕН ИНДУСТРИЯНЫҢ ЖАҢА ӨСУ НҮКТЕСІ

ЕЛ ЕРТЕҢІНЕ БАҒДАР

Айғақ медиа
30.10.2026
0

Елдің ертеңі қандай болмақ? Қазақстанды жаңғырту жолында қандай басымдықтарға мән берілуі керек? Бұл сауалдарға жауап іздейтін еңбектердің бірі – Мәулен...

Ө.БАТЫРБЕКТІҢ ӨШПЕС ӨНЕРІ

КӘСІПКЕРГЕ ҚАНДАЙ ҚОЛДАУ БАР?

Айғақ медиа
30.10.2026
0

Кәсіпкер болу – тәуекелге бел буып, жауапкершілік арқалау. Ал бизнесті дамыту үшін қаржылай қолдаудың маңызы зор. Бүгінде кәсіпкерлерге қандай мүмкіндіктер...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.