Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев 2018 жылы салада атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер барысын баспасөз жиынында баяндады.
Мұқан Кеңесбекұлының айтуынша 2018 жылдың қорытындысымен ана өлімінің көрсеткіші 35,6 пайызға төмендеген. Ал нəресте өлімі 8,6 пайызға азайып бұл көрсеткіш жөнінен облыс Республикада 6 орыннан көрініп отыр.
Сонымен бірге қан айналым жүйесі ауруларынан болатын өлім жітім көрсеткіші де тиісті кезеңмен салыстырғанда 9,4 пайызға төмендеген.
«Айғақ-ақпарат».