• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Наурыз 8, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Жаңалықтар. 4 ақпан, 2019 жыл

05.02.2019
0

— «Ю хак» идеялар фестивалі өз мәресіне жетіп, қорытындыланды. Шымкент қаласының жастары қатысқан жарыста 24 сағат ішінде үздік жоба әзірленуі керек болатын. Яғни, Шымкент қаласы туралы фильм түсіру тапсырылды. Сайыстың қорытындысымен 1600 үміткердің ішінен 12 қатысушы жеңімпаз атанды. Жеңіске жеткен идеяшылдар Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың қолынан марапатқа ие болды.

— Ел мерейін үстем еткен оқушылар. Мектеп оқушылары арасында өткен 14-ші  республикалық «Зерде» конкурсына Түркістан  облысы мен Шымкент қаласының атынан 22 оқушы қатысып, барлығы жүлделі орындармен оралды. Аталмыш іс-шара мектеп оқушыларының шығармашылығын арттырып, танымдық қызығушылығын қолдауға бағытталған. Республика көлемінде өткен  сайыста мыңның ішінен дара шығып, оза шапқан  оқушыларға лайықты қошемет көрсетілді.

— Биыл көктемде Отырар ауданы 30 мың гектар жерге егін егуді жоспарлап отыр. Осы ретте ауданға арнайы жұмыс сапарымен келген Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нүкенов пен ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Нұрбек бадырақов аудан шаруаларымен кездесті. Аудан әкімі Ерлан Айтаханов жүргізген алқалы жиында ауыл шаруашылығы саласының өкілдері мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы және шаруалар үшін мүмкіндіктер талқыланды. Кездесуде сөз алған облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов шаруаларға субсидия, тыңайтқыштар мен көктемгі дала жұмыстарына қажетті тұқым, жеңілдетілген бағадағы жағар жанар-жағар май беру мәселелеріне кеңінен тоқталды. Жиын соңында аудан басшысы кездесуге келген облыс әкімінің орынбасарына алғысын айта отырып, Отырарлықтардың ағын су мәселесіне байланысты өтініштер ескерусіз қалмаса деген ойын жеткізді.

— Мемлекеттік қызметке қабылдау талаптары өзгерді. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департамент басшысы Ғалым Тұрсынбаев брифинг өткізді. Онда мемлекеттік қызмет саласына енгізілген жаңалықтар айтылды. «Б» корпусы лауазымына үміткер тұлғалар үшін жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеуде жауаптардың растық деңгейі 50%-дан кем болмауы тиіс. Егер көрсеткіш нәтижесі төмен болса үміткер жеке қасиеттерін бағалаудың растық деңгейінен өтпеді деп танылады. Бір ай уақыттан кем емес мерзімнен соң қайта өтуге мүмкіндік алады. 1 ақпаннан бастап, департамент қызметшілері өңірлердегі тестілеу орталығында тестілеу әкімшісі ретіндегі қызметін тоқтатты. Бұл қызметті «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ-ның тестілеу операторы атқаратын болады. Сондай-ақ, осы уақыттан бастап «Б» корпусының бос лауазымына үміткерлер конкурс жариялаған мемлекеттік органға заңнаманы білу туралы сертификат пен жеке қасиеттерін бағалау қорытындысын өткізбейді.

— Түркістан облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сәбитов Арман Сәбитұлы облыстың жалпы экономикалық көрсеткіші бойынша жыл бойында атқарылған жұмыстарды қорытындылап, есеп берді. Оның мәліметінше, Түркістан облысында өнеркәсіп көлемі 2017 ж. 410,7 млрд.теңгені құраса, 2018 жылы 453,8 млрд теңгеге жеткен. Сондай-ақ, өткен жылы 10 бірдей ірі жоба іске асырылған. Олар Ордабасы ауданы, Түркістан және Арыс қалалары, Төлеби, Шардара, Сарыағаш, Сайрам мен Қазығұрт аудандарында жүзеге асқан. Іске асырылған жобалар арқылы 835 адам жұмыспен қамтылған. Осы 10 жобаның жалпы соммасы 18 244 млн.теңгені құрап отыр.  Ал, агроөнеркәсіп кешенінің даму көрсеткіштері де жоғары. 2017 жылы облыста өндірілген өнім мөлшері 482,4 млрд.теңгені құраса, 2018 жылы 542,8 млрд. теңгеге жеткен. Ал 2019 жылы бұл көрсеткішті 614 млрд. теңгеге жеткізу жоспарлануда. Түркістан қаласын дамыту жолында біршама құрылыс жұмыстары жүргізіліп отырғандығын білеміз. Осыған орай, Түркістан облысының әкімшілік орталығы мен аумақтық департаменттер және 20 көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылы аяқтау көзделіп отыр.

 — «Күлтөбеде күнде жиын, күнде той» . Тап осы екі ауыз сөз айтылғанда, еріксіз бірден  киелі Түркістандағы Күлтөбе қалашығы есіңізге түсетін болар.  Аталған жерде, қазіргі таңда  қызу археологиялық жұмыстар басталып, ол жақтан орта ғасырлардағы қазақ үйлері мен балалар ойыншықтары табылыпты.  Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің  жоғарғы бөлігіндегі қазба жұмыстарына қазірде  Отырар ауданының жастары тартылған.

— Төрткүл ауылдық округінде төрт түлік басы жыл санап артуда. Мәселен ағымдағы жылдың қортындысы бойынша ірі қара 9070, жылқы 1000 бастан асса  Уақ аша тұяқтылар саны 34200 басқа жетіп отыр. Ал бірдейлендіру жұмыстары бойынша жергілікті ветеренария саласының мамандары қандай жұмыстар атқаруда?

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ОЛИМПИАДА ЖАБЫЛУЫНДА МИХАИЛ ШАЙДОРОВ КӨТЕРДІ

ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ОЛИМПИАДА ЖАБЫЛУЫНДА МИХАИЛ ШАЙДОРОВ КӨТЕРДІ

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Италияның Верона қаласында Милан–Кортина-2026 Қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті. Рәсім екі мың жылдық тарихы бар, ЮНЕСКО тізіміне енген Арена...

4 ЖАСТАҒЫ ӘЛИ БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫ ИГЕРІП ҮЛГЕРГЕН

4 ЖАСТАҒЫ ӘЛИ БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫ ИГЕРІП ҮЛГЕРГЕН

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Түркістан облысында төрт жастағы Әли Адамбек мектеп табалдырығын аттап, бастауыш сынып бағдарламасын меңгеріп үлгерген. Құрдастары әріп танып жүргенде, ол күрделі...

ТАРАЗДА ЗАҢСЫЗ БЕЛГІ ҮШІН ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ЖАППАЙ АЙЫППҰЛ САЛЫНҒАН

ТАРАЗДА ЗАҢСЫЗ БЕЛГІ ҮШІН ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ЖАППАЙ АЙЫППҰЛ САЛЫНҒАН

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Таразда жол ережесін бұзбаған бірнеше жүргізуші заңсыз айыппұл төлеп келген.Тексеріс Сүлейменов көшесінде орнатылған 40 км/сағ жылдамдық шектеу белгісінен басталды.Камералар жылдамдықты...

1,5 МЛН ТЕҢГЕ: СЕМЕЙДЕ АУЫЛҒА КӨШУ БАҒДАРЛАМАСЫ

1,5 МЛН ТЕҢГЕ: СЕМЕЙДЕ АУЫЛҒА КӨШУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Айғақ медиа
26.02.2026
0

“10 сиыр мен бір жылқы бар”: Семейде әкімдік тұрғындар ауылға көшу үшін 1,5 миллион теңге ұсынуда.Семейде “Қаладан – ауылға” атты...

ҚАЗАҚСТАН КОНЬКИМЕН ЖҮГІРУДЕН ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІНДЕ 4 АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

ҚАЗАҚСТАН КОНЬКИМЕН ЖҮГІРУДЕН ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІНДЕ 4 АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасында Әлем кубогының кезеңі басталды. Халықаралық турнирдің алғашқы күні Қазақстан құрамасы төрт алтын медаль...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР КӨЛІГІМЕН ҚАЛАҒАН КҮНІ КӨШЕГЕ ШЫҒА АЛМАУЫ МҮМКІН

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР КӨЛІГІМЕН ҚАЛАҒАН КҮНІ КӨШЕГЕ ШЫҒА АЛМАУЫ МҮМКІН

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Енді қазақстандықтар қалаған күні көлігімен көшеге шыға алмайды. Мемлекеттік нөмірдің соңғы цифры 9 болса сіз 2-сі, 4-і, 16-сы сияқты даталарда...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.