Б. Сағынтаев Астанадағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтып, өрт қауіпсіздігі тексерістері сапасының бақылауын күшейтуді тапсырды

Бүгін Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев күн тәртібінің мәселелерін қарастырар алдында өрт кезінде қаза тапқан бес баланың ата-анасы мен туған-туыстарының қайғы-қасіретіне ортақтасып, көңіл айтты.

Жан түршігерлік жағдай Астанада 4 ақпан күні орын алды.

«Бір отбасының басына түскен ауыр қайғы. Ай-күннің аманында бес бірдей баласынан айырылып қалған ата-анасына Құдай күш-қуат берсін. Марқұм болған балалардың ата-анасына, туған-туыстарына, барша ағайындарына қайғырып, көңіл айтамыз», — деді Б. Сағынтаев.

Астана қаласының әкімі Б. Сұлтановтың және ҚР ішкі істер министрі Қ. Қасымовтың аталған отбасыға қолдау көрсету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы уақытта осындай жағдайлардың орын алмауы үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндамалары тыңдалды.

ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев алдағы тәуліктерде бірқатар өңірлерде күннің қатты суытатынына орай, әкімдіктердің, өрт сөндіру және төтенше жағдайлар қызметтерінің назарын өрт қауіпсіздігі мәселесіне аударды. Өйткені, жылу желілерінде жылу беру температурасы артады, жеке үйлерде пеш жағу да күшейе түседі. Сондықтан, қауіпсіздік техникасының сақталуына ерекше назар аудару тапсырылды.

ҚР Ішкі істер министрлігіне жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жылу беру маусымы аяқталғанша өрт қауіпсіздігі айлығын қайта бастау тапсырылды. Жылу мен энергия беретін барлық ұйымдар, әкімдіктердің тұрғын-үй коммуналдық қызметтері тұтынушыларды жеткілікті деңгейде жылумен және жарықпен қамтамасыз етуі тиіс. Барлық қызметтер іркіліссіз және апатсыз жұмыс істеуі қажет. Бұл мәселені әкімдіктерге ерекше бақылауға алу тапсырылды.

Сонымен қатар, облыс әкімдіктері мен ҚР ІІМ-ге қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында жеке үйлердегі өрт қауіпсіздігіне жүргізілетін тексерістер сапасына ерекше көңіл бөлу тапсырылды. Қатаң талап болуы тиіс.

primeminister.kz

Ұқсас жазбалар

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту аясында елдің оңтүстік өңірлерінде жалпы ұзындығы 968 шақырым болатын, 65 мың гектар жерді суаратын 103 ирригациялық...

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын тазарту және абаттандыру іс-шараларына...