• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Сәуір 23, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

ҚР ДСМ: Қазақстандықтар жаңа мобильдік қосымшада белгіленген шекті бағаларға дәрі-дәрмек бағаларының сәйкестігін тексере алады

12.01.2019
0

Бұл туралы PrimeMinister.kz ресми ресурсының алаңында өткен онлайн-конференция барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова айтты.

Л. Бюрабекованың айтуынша, Дәрі-дәрмектерді сараптаудың ұлттық орталығы «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы аясында мобильдік қосымша әзірлеген. Бүгінгі таңда аталған қосымша тестілеу режимінде апробациядан өткізілуде.

Азаматтар бұл мобильдік қосымшадан қаптаманың тіркелген макетін, дәрі-дәрмек бағасын, сондай-ақ сол дәрі-дәрмектің қауіпсіздік пен сапа тексеруінен өткен-өтпегенін көре алады. Сонымен қатар, мобильдік қосымшаны пайдаланушылар қандай да бір дәрі-дәрмек бағасы көтерілген жағдай орын алса, соған қатысты пікірін жазып қалдыра алады.

«Егер азамат мобильдік қосымшада көрсетілген бағадан қымбат бағаны көрсе, ол бірден суретке түсіріп, дәріханада бағаның көтерілгені туралы шағымын жеткізе алады. Бұдан өзге, барлық бағалар Денсаулық сақтау министрлігінің, Фармация комитетінің, Дәрі-дәрмектерді сараптаудың ұлттық орталығының интернет-ресурстарында жарияланады. Азаматтар бағаның көтерілгенін байқаған жағдайда, біздің аумақтық департаменттерге жүгіне алады. Дәрі-дәрмектерді сатушылар бағаны көтергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады», — деп түсіндірді Л. Бюрабекова.

Сондай-ақ, Л. Бюрабекова жылдам енгізіліп жатқан цифрландыруды ескергендегі дәрі-дәрмек нарығындағы ағымдағы жағдай туралы айтып берді. Жаңа заңда «СК-Фармация» ЖШС бірыңғай дистрибьюторы мен басқа да медициналық ұйымдар электронды сатып алуға толықтай көшетіні қарастырылған.

«Қазіргі таңда тестілеу режимінде 2019 жылға бірыңғай дистрибьютордың дәрі-дәрмектерді сатып алуын іске қостық. Қаржы министрлігінің электронды сатып алулар порталы алаң қызметін атқаруда. Бұл сыбайлас-жемқорлық қауіптерінің төмендеуіне әкелді, өйткені бүгінде әлеуетті жеткізушілер мен тендерлік комиссия мүшелері арасында ешқандай байланыс жоқ. Барлық үдеріс онлайн-режимде, электронды форматта өтеді. Үлкен қағаз пакеттері түріндегі құжаттаманы беру тұрғысынан жеткізушілердің жүктемесі азайды. Бұған дейін ол өте көп қағазды талап ететін, ал бүгінде осының бәрі электронды форматта қадағаланады», — деді Л. Бюрабекова.

Бұдан өзге, аукцион бұған дейін барлық қатысушылармен көзбе-көз өткізіліп келді. Оған 3–5 күн уақыт кететін. Тендерлік комиссия мүшелерінің және сатып алудың барлық қатысушысының болуы талап етілетін. Бүгінде осының бәрі онлайн-форматта өтеді.

Сонымен қатар, Комитет төрайымы осы заңды іске асыру мақсатында рецепт жазудың жаңа ережелері әзірленіп жатқанын айтты. Онда дәрігерлер тек халықаралық патенттелмеген атауды көрсететін болады (сауда белгісі бар әрбір дәрілік зат белсенді затқа ие, соны халықаралық патенттелмеген атау (ХПА) деп атайды). Жаңа ережелерге сәйкес, дәрігер Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің бірыңғай жүйесінде электронды форматта дәрі-дәрмектерді жазатын болады. Одан кейін емделуші дәріханаға барады, онда дәріші аталған ХПА бойынша өздерінде бар дәрі-дәрмек атауларын ұсынады. Емделуші бағалық қолжетімділігі бойынша өзіне оңтайлысын таңдай алады.

Заңда бағалардың маусымдық ауытқуы да реттелетін болады.

«Біз бағаларды жылына екі рет – шілде мен қаңтарда белгілейтін боламыз. Бағалар еш ауытқусыз барлық аумақта осы кезең аралығында жарамды болады. Яғни, белгіленген шекті бағадан төмен бағада сатуға болады, ал көтерілген жағдайда әкімшілік жауапкерлішікке тартылады», — деді Фармация комитетінің төрайымы.

Қорытындылай келе, Л. Бюрабекова қазақстандықтарға дәрі-дәрмектерді таңдау бойынша кеңес берді.

«Рецептуралық дәрі-дәрмектер туралы айтар болсақ, азаматтарға, емделушілерге айтарым, егер дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, дәрі ішу қажет болған жайдайлар орын алса, онда міндетті түрде дәрігердің тағайындауымен, рецепт алып, дәріханадан дәріні сатып алған жөн. Егер салқын тиген вирусты жұқпа болса, дәріханаға барып, тиісті білімі бар, дұрыс қызуды түсіретін немесе симптомдық дәрі-дәрмектерді таңдауға көмектесетін дәрішімен ақылдасу керек. Жалпы, барлығына денсаулық тілеймін, ешкім ешқашан ауырмасын!», — деп түйіндеді Л. Бюрабекова.

Дереккөз: primeminister.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын тазарту және абаттандыру іс-шараларына...

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді. Мемлекет...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

⚡️Түркістан төрінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табысталды. Салтанатты рәсімде...

ДЕНДРОСАЯБАҚТА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

ДЕНДРОСАЯБАҚТА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Шымкентте А.Асқаров атындағы мемлекеттік дендрологиялық саябақ аумағында келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында маңызды жоба сәтті жүзеге асырылды. Жасанды көл маңындағы...

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

 Шымкентте Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын форматтағы отырысы өтті. Оған Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин,...

ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ОЛИМПИАДА ЖАБЫЛУЫНДА МИХАИЛ ШАЙДОРОВ КӨТЕРДІ

ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ОЛИМПИАДА ЖАБЫЛУЫНДА МИХАИЛ ШАЙДОРОВ КӨТЕРДІ

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Италияның Верона қаласында Милан–Кортина-2026 Қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті. Рәсім екі мың жылдық тарихы бар, ЮНЕСКО тізіміне енген Арена...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.