• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Қараша 2, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

«Болашақ» оқу орталығының тұсауы кесілді

17.12.2018
0

Шағалалы Шардара қаласында «Болашақ»  оқу орталығы ашылды. «Туған жерге туың тік» деген мақал дəл бүгінгі іс-шараға қаратып айтылғандай. Түркістан облыстық маслихатының депутаты Бақытжан Серманизовтың қолдауымен ашылған білім ордасы жатардың зердесін ашып, болашаққа бастайтын даңғыл жолдың алғашқы қадамы болмақ.

  «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін – білім». Түркістан облысы маслихатының депутаты Бақытжан Серманизов елдің көсегесін көгертуде айтарлықтай үлесі бар азамат. Ал бүгін туған ауылының жастарының білім алуына, сапасының тереңдеуіне үлкен үлес қосып отыр. «Болашақ»  оқу орталығы Назарбаев Зияткерлік мектебіне, Білім инновация лицейіне, ҰБТ-ге дайындық жасайды. Білімдерін шыңдап, шәкірттердің армандарына жетулеріне себепші болмақ.  Мұнда 4-сыныптан 11 сынып аралығындағы оқушылар келіп білім ала алады. Әр ай сайын сынақ емтихандарын тапсырып, білім нәтижесінің прогресін көріп отырады. Сонымен қатар, орыс тілі мен ағылшын тілдерін оқытатын курсы да бар. 6 жастан бастап 60 жасқа дейінгі тіл үйренемін деген азаматтарға есік ашық. Бағасы халыққа тиімді, әрі қол жетімді.

 «Жомартқа қамқорлық жасаған жарасады». Қазақстан инженерлік-педагогикалық Халықтар достығы университетінің ректоры  Рабиға Қуатбекова білім ұясының ашылуымен құттықтап,  аталмыш оқу орталығына 2 оқу грантын сыйға тартты.

Алдағы уақытта робототехника, энергетика сыныптарын ашуды көздеп отыр. Шəкірттермен профорентация жұмыстары және психолог мамандармен тренингтер өткізіліп, баланың қабілетін, бейімділігін анықтайтын болады. Елге еңбегі сіңген, жас буынға үлгі бола алатын ардагерлері мен аға буын өкілдерімен кездесу өткізіліп, оқу орталығы тәрбиенің тал бесігіне айналмақ. Елге белгілі бірқатар азаматтар ұстаздардың игі бастамасына сәттілік тіледі.

Бала саны 120 орынға жуықталған орталықта білікті ұстаздар жұмыс жасайды. Шәкірттердің ыңғайына қарай екі ауысым бар. Ауданның білім бөлімімен «Болашақ» оқу орталығы арасында меморандум түзілген. Бірлесе отырып жұмыс жасап, жетістіктің шыңына шығатындарына сенімді.

Аталған оқу ордасының ашылуына  негіз болған Бақытжан Серманизов «Ыбырай Алтынсарин 34 мектеп ашып, талай жастың білім нəрімен сусындауына себеп болған. Жастардың қалаға ағылмай, туған ауылымызда еңбек етсе, дамуына үлес қосса деген ниетпен ашып отырмыз» — деп, келген қонақтарға алғыс білдірді.

Дарынды балаларды қолдау мақсатында «Болашақ маман» жобасы іске асатын болады. Бұл жоба аясында ауданның талантты жастарымен келісімшарт жасалып, жоғары оқуға түсуге қолдау көрсетіледі. Арнайы шəкіртақы тағайындалады. Жоғары оқу орынын аяқтаған соң туған жерге оралып, кем дегенде 3 жыл еңбек ететін болады. Болашаққа берік қадам басуда «Болашақ» оқу орталығы білімнің шамшырағына айналсын!

Айтолқын Молдабекова

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

Ө.БАТЫРБЕКТІҢ ӨШПЕС ӨНЕРІ

БҮГІНГІ ТӘРБИЕ – ЕРТЕҢГІ БОЛАШАҚ

Айғақ медиа
30.10.2026
0

Ата сөзі ақылдың көзі. Ұлттық құндылықты ұлықтап, ұрпақтар сабақтастығын жалғау мақсатында Шымкент қаласының ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері бір алаңда...

Ө.БАТЫРБЕКТІҢ ӨШПЕС ӨНЕРІ

АЛАЯҚТАРҒА ҚАРСЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ

Айғақ медиа
30.10.2026
0

Енді көпе-көрнеу жасалатын алаяқтық схемалардың жолы кесіледі. Өйткені шымкенттік жастар жасанды интеллекттің көмегімен өзгенің атын жамылып жарнама жасаушы парақшалар мен...

Ө.БАТЫРБЕКТІҢ ӨШПЕС ӨНЕРІ

КӨК АСПАНДАҒЫ МЕРЕКЕЛІК ШОУ

Айғақ медиа
30.10.2026
0

Республика күні Шымкент аспаны мың батпырауыққа толып, ShymCity Park аумағы мерекелік алаңға айналды. Мұнда арнайы фестиваль өтіп, мото маусымының жабылу...

Ө.БАТЫРБЕКТІҢ ӨШПЕС ӨНЕРІ

КӨК БАЙРАҚ АСҚАҚТАДЫ

Айғақ медиа
30.10.2026
0

Ел боламын деген жұрттың еңсесін тіктеп, рухын асқақтататын ұлық мерекесі бар. Ол – Республика күні. 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған...

ШЫМКЕНТ – ИНВЕСТИЦИЯ МЕН ИНДУСТРИЯНЫҢ ЖАҢА ӨСУ НҮКТЕСІ

ЕЛ ЕРТЕҢІНЕ БАҒДАР

Айғақ медиа
30.10.2026
0

Елдің ертеңі қандай болмақ? Қазақстанды жаңғырту жолында қандай басымдықтарға мән берілуі керек? Бұл сауалдарға жауап іздейтін еңбектердің бірі – Мәулен...

Ө.БАТЫРБЕКТІҢ ӨШПЕС ӨНЕРІ

КӘСІПКЕРГЕ ҚАНДАЙ ҚОЛДАУ БАР?

Айғақ медиа
30.10.2026
0

Кәсіпкер болу – тәуекелге бел буып, жауапкершілік арқалау. Ал бизнесті дамыту үшін қаржылай қолдаудың маңызы зор. Бүгінде кәсіпкерлерге қандай мүмкіндіктер...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.