• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Қазан 27, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

Саялы Сарағаштың бүгінгі таңдағы туристік әлеуеті қандай?

05.11.2018
0

Сарығаш — шипалы өңір ретінде күллі Қазақстанға ғана емес, алыс-жақын шетелдерге де кеңінен танылған аймақ. Тәуелсіздік алған тұста тұрмыс тураланса да, жердің шұрайлылығы мен судың шипалылығы жүзді төмен салдыртпады. Қазір де туризм нағыз капиталдың көзіне айналған! Ел қоржынын толтыратын бірден бір тетік те осы. Неге десеңіз ауданда орналасқан «Altyn bulak golf & Health Resort» гольф клубы, «Caspian food» ЖШС-нің жүзім шарабын өндіру зауыты мен курорттық шипажайлар туризмді дамытудың алтын көзі. Осы орайда Сарыағаштың бүгінгі туристік әлеуетін бағамдау мақсатындаоблыс әкімдігі арнайы пресс-тур ұйымдастырды.

Бүгінде Түркістан облысында туризмді дамыту мақсатында«Қасқасу» тау-шаңғы кешені, «Шардара» жағажай демалыс аймағы, Түркістан қаласында мәдени-тарихи туризмді дамыту жобасы секілді бірқатар ірі туристік инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Солардың бірі де бірегейі «Сарыағаш» курорт қалашығы. Аудандағы туризм индустриясын одан әрі дамыту мақсатында 3-4 қараша күндері «SARYAGASH OPEN» ашық турнирі ұйымдастырылды. Біріншілік Көктерек кентінде орналасқан «Altyn bulak golf & Health Resort» гольф клубында өтті. Турнирге Ресей, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінен келген ойыншылар бақ сынады. Жарысқа 21 жастан асқан шет ел және еліміздің ер азамат гольфисттері қатысты. Халықаралық жарыстың тұсаукесерінде сөйлеген облыс әкімі Жансейіт Түймебаев барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

Әуесқойлық турнир Сэнт-Эндрюс Корольдік Гольф Клубының және «Altyn bulak golf & Health Resort» жергілікті ережелеріне сәйкес жеке «Stroke play» форматында өтті.

Мұнан соң,  Түркістан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Сарыағаш ауданы, Құркелес  ауылдық округінде орналасқан «Caspian food» ЖШС-нің жүзім шарабын өндіру зауытында болып, шетелден келген қонақтарға таныстырды. Жер көлемі – 600,0 га құрайтын аумақта 223 адам қызмет етеді. Зауыт жылына 154 мың дана бөтелке жүзім шарабын шығарады. Зауыттың ақ және қызыл шарап өндіру үшін қажетті қуаттылығы жеткілікті, сондай-ақ шығарылатын шараптың сапасына бақылау жүргізетін зертхана бар. Кәсіпорындағы өндірістік кезең еуропалық үздік стандарттарға сай жүзеге асырылады.
«Caspian Food» ЖШС-ін аралау барысында аймақ басшысы мен шетелдік қонақтарға кәсіпорынның жүзім өсіру, шарап жасау ісін дамыту саласындағы жұмысы жөнінде мәлімет берілді. Сондай-ақ, жүзім қабылдау және оны ферментациялау сатысының технологиялық желісімен танысты, сондай-ақ өнім тазартылып, құтыларға құйылатын цехтарды аралап көрді. Сондай-ақ, қонақтарға жүзім алқабы мен жаңғақ егілетін аумақтар көрсетілді. Сарыағаш ауданында минералды және термалды суларды пайдалану арқылы сауықтыру туризмі дамып келеді. Шипалы суымен әлемге танылған Сарығаш ауданда 26 емдік сауықтыру орталығы қызмет көрсетеді. Түсірілім барысында солардың бірі «Ақ Тілек» емдеу-оңалту кешені» ЖШС-не табан тіредік. Мұнда медициналық қызметтің сапасын арттыру мақсатында заманауи қондырғылармен жабдықталған. Тамыр ішінде қанды лазермен сәулелендіру ем-шарасы, тұзды шахта, күндізгі стационарларіске қосылған.Сондай-ақ,алдағы уақытта«Сарыағаш» шипажайының кәріз жүйелері қайта жаңартылмақ. Мәліметтерге сәйкес, 1984 жылы іске қосылып, бүгінгі таңға әбден тозығы жетіп қайта-құрылымдауды талап ететін бекет «Сарыағаш» емдеу оңалту кешенінің теңгерімінде, негізгі қуаты тәулігіне 1000 текше метрге есептелген. Ал қазіргі таңда, Көктерек кентіндегі халық санының ұлғаюына және шипажайлар саны 20-дан аса артуына байланысты кәріз суларының  көлемі бұрынғысынан бірнеше есеге артып, апатты жағдайда жұмыс жүргізіп келеді.  Бұл туралы аудан әкімі Қайрат Әбдуәлиев өз сөзінде айтып өтті.

Сарыағашта халықаралық туристердің талабына сай қызмет көрсететін орындардың бірі — гольф алаңшасы. Жақын болашақта мұнда ойын-сауық орталықтары, аквапарк пен жаңа курорттық қалашық бой көтермек. Қазір 30-ға жуық емдеу-сауықтыру орталықтары болса, олардың қатары алдағы кезде 96-ға көбеймек. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарына жеке инвесторлар тартылғалы отыр. Жоба бойынша 600 гектар аумақта сәулеті жарасқан 1500 орындық курортты қалашық. Тіпті ауданда әуежай салынуы мүмкін. Түптеп келгенде, мұның бәрі Түркістан облысындағы туризм саласының жандануына даңғыл жол ашатыны анық.

Жансая Елемесова

 

Бөлісу4TweetPin

Ұқсас жазбалар

КӨКСАЙДАҒЫ ЖЕТІ ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРГЕ КӨШТІ

КӨКСАЙДАҒЫ ЖЕТІ ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРГЕ КӨШТІ

Айғақ медиа
26.10.2026
0

Шымкентте Көксай шағынауданындағы тозығы жеткен үйлердің тұрғындары жаңа баспанаға көшті. Республика күні қарсаңында Нұрлыбаев көшесіндегі №22 үйде тұрған жеті отбасы...

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

ТҰРҒЫН АЛАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ МАРАФОН

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Шымкентте «Бір қадам – бір мақсат» атты марафон өтті. Спорттық шараға 500-ге жуық адам қатысып, салауатты өмір салтын қолдауға бір...

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

ӘЛЕМДІК ДОДАДАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Әлемдік аренадан олжалы оралған палуанды Шымкентте салтанатты түрде қарсы алды. Грек-рим күресінен U23 санатындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Джохар Узаров...

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Шымкентте жас өнертапқыштар өзара бақ сынап, робототехника әлеміндегі шеберліктерін көрсетті. ROBOPARK LIGA XIII республикалық жарысына еліміздің әр өңірінен 50-ден астам...

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын қалыптастыру – қаланың әлеуметтік саясатының маңызды бағыты. Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында...

МЕГАПОЛИСТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖЕНЕВАДА ЖАЛҒАСТЫ

 ЖАС АҚЫНДАРДЫҢ ЖЕҢІСІ – ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІҢ ЖЕМІСІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Шымкенттік жас ақындар республикалық айтыста топ жарып, қала мерейін асқақтатты. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.