• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қараша 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше елдердің Үкімет басшылары кеңесінің мүшелерімен кездесті

02.11.2018
0

Кездесуге Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.Сағынтаев, Әзербайжан Республикасының Премьер-Министрі Н.Мамедов, Беларусь Республикасының Премьер-Министрі С.Румас, Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі М.Абылғазиев, Тәжікстан Республикасының Премьер-Министрі К.Расулзода, Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі А.Арипов, Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Д.Медведев, Армения Республикасының бірінші вице-премьері А.Мирзоян, Түрікменстанның Министрлер Кабинеті төрағасының орынбасары Г.Мурадов, ТМД-ның Атқару комитетінің төрағасы – Атқарушы хатшы С.Лебедев қатысты.

Мемлекет басшысы ТМД-ға мүше елдер делегацияларының басшыларына ілтипат білдіріп, Достастық мемлекеттерінің ынтымақтастығын нығайту үшін бүгін өтіп жатқан Кеңестің айрықша мәні бар екенін атап өтті.

– Бүгін сіздер Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысасыздар. Оның күн тәртібінде 15 нақты мәселе бар. Бұл іс-шара елдеріміз арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға зор үлес қосады деп сенемін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті ТМД елдері арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамытудың маңыздылығын айтты.

– Ширек ғасырдан астам уақыт ішінде ТМД іргелі ұйымға айналды. Бұл бірлестік халықтарымыз арасындағы тарихи байланыстарды сақтап қалуға мүмкіндік беріп, әр елдің егемендігін нығайтуға септігін тигізді. Қазіргі кезде Достастық аясындағы өзара ықпалдастықтың маңыздылығы арта түсті. ТМД-дағы сауда-саттық көлемі өсіп келеді. Былтыр тауар айналымының көлемі 25 пайызға артып, 164 миллиард долларға жетті. Мұндай үрдіс биыл да жалғасын табуда, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті ТМД мемлекеттер басшылары кеңесінің биылғы отырысының нәтижелеріне де тоқталды.

– Біз ұйымымызды нығайту мәселелерін қарастырдық. Соның ішінде жұмыстың тиімділігін арттыруға және оны заман талабына сай бейімдеуге бағытталған жаңғырту үдерісін ілгерілетуге мән бердік. Достастық аясындағы экономикалық кооперацияны кеңейту үшін Экономикалық даму стратегиясын жандандыру және ТМД елдері көрсететін қызметтердің еркін саудасы туралы келісімнің қабылданған жобаларын жүзеге асыруды жеделдету қажеттігі айтылды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Душанбедегі Мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында жария етілген жаңа ұсыныстар, соның ішінде  ТМД аясында сауда кедергілерін жою, көлік-логистика және туризм салаларындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру, ғарыш саласындағы жобаларды жүзеге асыру, цифрлық экономиканы дамыту және инновациялық шешімдерді пайдалану мәселелерін талқылау нәтижесі жөнінде әңгімеледі.

– Технопарктер интеграциясы және бірлескен инновациялық жобалардың жүзеге асырылуы ТМД кеңістігінде жоғары технологиялық өндіріс қалыптастыру үшін үлкен синергетикалық пайда табуға мүмкіндік береді. Батыс елдері жасанды интеллектке жол ашатын 5G форматындағы интернетті белсенді түрде қолдануда. Бізге оны дамыту ісімен айналысу керек. Мұны әрқайсымыз жеке-жеке іске асыра алмаймыз, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев сөзінің соңында Мемлекеттер басшыларының кеңесінде айтылған бастамаларды іске асыру үшін нақты шаралар кешенін әзірлеу қажеттігін айтты.

– Барлық бағыт бойынша тиімді шаралар кешенін әзірлеу – маңызды міндет. Бұл бастамалардың жүзеге асырылуы экономиканың дамуына септігін тигізіп қана қоймайды, сондай-ақ мемлекеттеріміз арасындағы достық әрі тұрақты қарым-қатынастарды нығайтудың маңызды факторына айналады, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, кездесу барысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.Сағынтаев пен Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Д.Медведев баяндама жасады.

Дереккөз: Ақорда.

Previous Post

Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Президентінің қабылдауында болды

Next Post

Жаңалықтар. 1 қараша, 2018 жыл.

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.