• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Шілде 16, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Жаңалықтар. 1 қараша, 2018 жыл.

02.11.2018
0

— Түркістанда халықаралық журналистер форумы өтті. Жаңа ақпараттық кеңістік деп аталатын басқосуға түркі тілдес елдердің ақпараттық агенттіктері мен белді басылымдардың жетекшілері қатысты. Форумның басты мақсаты мемлекеттер арасындағы ақпараттық ынтымақтастықты арттыру және өңір журналистикасын дамытудағы тың идеяларды жүзеге асыру болды.

— 2018 жыл Бәйдібек ауданының тарихында елеулі жыл есебінде қалмақ. Өйткені ауданның құрылғанына биыл 90 жыл.  Қаратаудың бауырында орналасқан киелі Бәйдібек ауданы мерейтойын қарашаның бірі күні тойлауда. Дамудың даңғыл жолына түскен ауданның торқалы  тойына Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев және осы өңірден түлеп ұшқан түлектер, елге белгілі азаматтар арнайы келген. Іс-шара Бәйдібек Қарашаұлының ескерткішіне гүл қою рәсімімен ашылды. Мұнан соң Ж.Түймебаев Шаян ауылындағы жабық теннис корты мен жабық жүзу басейннінің ашылу салтанатына қатысты. Жалпы Шаян елді мекеніне шетелдік инвесторлардың есебінен құны 1,3 миллиард  теңгеге нысан құрылыстары жүргізілген. Мереке күні лентасы қиылған бірқатар нысандардың ашылу салтанатынан  соң, белгілі азаматтардың бас қосуымен «Шежірелі Шаян, Берекелі Бәйдібек» атты форум өтті. Онда Ж.Түймебаев ауданның әлеуетін көтеріп жүрген азаматтарды алығыс хаттармен марапаттады.  Торқалы той өнер жұлдыздарының  гала концерті және түнгі от шашумен аяқталады деп жоспарлануда! Ауданның мерейтойында түсірілген бейнематериалдың толық нұсқасын ертеңгі жаңалықтарымыздан көре аласыздар!

— Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Шымкентте жалақы өседі. Жалақыны  көтеру кезең-кезеңімен жүзеге аспақ. Мәселен, бір кәсіпорындар қараша айынан бастап көтеруге әзір болса, кейінгісі желтоқсан немесе келер жылдан бастап көбейтпек. Осы және баға өсімінің әсері жөнінде мегаполис басшылары қаладағы алып кәсіпорындардың директорларымен кездесті. Естеріңізде болса, Елбасы қазан айында мәлімдеген Жолдауда ең төменгі жалақы 42 мың болсын деп тапсырған болатын. Бұл бастаманы барлық компаниялар қолдайды деп үміт артты. Миллионды шаһардың әкімі Ғабидолла Әбдірахымов кездесуге қатысқан 70-тен астам кәсіпкерге еңбекақы жөнінде уәделесті. Азық-түлік пен бірінші кезекте қажетті тауарларға бағаның өсуі мәселесі де жеке талқыланды. «Баян сұлу» сауда үйінің иесі жалға беру құнын көтермейтінін, бағаны тұрақтатуға мүмкіндік жасайтынын айтты. Қаладағы ірі базар басшылары да өз кезегінде бағаны ұстап тұру үшін қажетті шаралар қолдануға уәде берді. Сонымен қатар, Шымкент қаласы әкімдігінің жанына штаб құрылды. Онда ірі сауда орталықтарының басшыларымен бағаның өсуіне жол бермеу мәселесі бойынша жұмыс жасалмақ.

— Түркістанда халықаралық медиа орталық ашылды. Бұл қадам өңірдің түркі әлемінің рухани әрі ақпараттық алаңына айналуына серпін бермек. Салтанатты шараға Түркия, Әзірбайжан, Татарстан және Қырғызстан елдерінен келген ақпарат құралдарының  жетекшілері мен өкілдері қатысты. Облыс әкім Жансейіт Түймебаев жаңа орталықтың жұмысына сәттілік тіледі.

— Енді емханаларға ұялы телефон арқылы тіркеліп, ұзын-сонар кезек күтпей-ақ емделуіңізге мүмкіндік бар. Яғни, өзіңіздің тіркелген медициналық мекемеге барып қолыңыздағы байланыс телефонға арнайы ақпараттық жүйені жүктейсіз. Сосын өзіңізге ыңғайлы уақытта, таңдаған дәрігеріңізге барып емге кірісесіз. Бұл дәрігер мен науқастың уақытын үнемдеуге тиімді.

— Елімізде жыл сайын қазан айының соңғы жексенбісінде – Әлеуметтік қызметкерлер күні аталып өтіледі. Осыған байланысты Шымкент қаласында әлеуметтік қызметкерлерді құттықтау мақсатында іс-шара өтті. Онда аталмыш салада еңбегі сіңген қызметкерлер алғыс хаттармен марапатталды.

— Мемлекет басшысы жыл сайынғы  дәстүрлі жолдауларында егемен еліміздің өсіп- өркендеуі жолында айқындап берген басымдықтар ішінде ұлт денсаулығына айрықша көңіл бөліп келеді. Міне осы бағыт аясында Қазығұрт аудандық орталық ауруханасында  да ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Яғни 107 мыңнан астам  тұрғынға қызмет көрсететін мекемеде медициналық қызмет түрлерін  цифрлық жүйеге қосу бойынша да  кешенді жұмыстар атқарылып отыр. Сонымен бірге кейінгі жылдары заманауи үлгідегі медециналық жабдықтармен қамтылып бірқатар көрсеткіштер бойынша оңды нәтижеге қол жеткізіп отырған  аурухана жұмысын әрмен қарай тілші сабақтайды.

— Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкенттегі филиалында «Жұлдыздардың ХҚКО-дағы бір күні» атты республикалық акциясы өтті. Бұл күні отандық эстрада жұлдыздары Халыққа қызмет көрсету орталығындағы операторларының жұмысына кірісіп, келушілерге электронды кезек талонын ұсынды.

 

 

 

 

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласында алты жаңа өрт сөндіру бөлімі салынады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты мегаполиске жұмыс сапары барысында келгенде айтылды....

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

АСПАЛЫ ЖОЛ ӨТКЕЛІ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенаторлар Шымкент қаласындағы теміржол өткелінің құрылыс жұмысымен танысты.Еңбекші ауданындағы Момынов көшесінің бойында салынып жатқан аспалы жол өткелі қаладағы көлік кептелісін...

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

Айғақ медиа
09.07.2025
0

 Қосымша білім беретін кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жаңа талаптар енгізілді. Енді үйірмелерге қатысатын балалар саны шектеледі, сондай-ақ бұдан былай ерекше балаларды...

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Елімізде генетикалық сараптама жасайтын 5 қана орталық бар. Соның бірі Шымкентте. Орталыққа Полиция департаменті мен азаматтық соттардан сұраныс өте көп...

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қала тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Қоғаммен тікелей байланыс орнату мақсатында өткен бұл кездесу...

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласының біртұтас дизайн кодын енді жергілікті мәслихат депутаттары бекітетін болады. Арнайы ереже арқылы шаһардың заманауи келбеті қалыптасып, жайлы, қолжетімді...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.