• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қараша 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Президентінің қабылдауында болды

02.11.2018
0

Минскіде ресми сапарда жүрген Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев сол елдің Президенті Александр Лукашенконың қабылдауында болды.

Сенат Төрағасы Беларусь басшысына Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сәлемі мен ең ізгі тілектестігін жеткізді.

Қ. Тоқаев екі елдің мемлекет басшыларының сенімді қатынастарының арқасында Қазақстан мен Беларусьтің өзара қарым-қатынастары стратегиялық деңгейге көтерілгенін атап өтті.

Парламенттің жоғарғы Палатасының басшысы әлемдік саясатта болып жатқан үрдістерге екі ел көзқарастарының жақын екеніне тоқталды. Қ.Тоқаевтың айтуынша, бұл бізге БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдар аясында нәтижелі ынтымақтасуға, түрлі халықаралық алаңдарда өзара қолдау мен күш-жігерді үйлестіруге мүмкіндік береді. Бүгінде ықпалдастық бірлестіктерінің аясында тығыз әрі табысты қарым-қатынас қалыптасып отыр.

Сенат Төрағасы бүгінгі күнгі ең өткір геосаяси текетірестерді реттеудегі – украин және сириялық шиеленістердегі Минск мен Астананың мәмілегерлік маңызды рөлдерін атап өтті. Оның пікірінше, бұл біздің елдеріміздің халықаралық қатынастарды тұрақты даму арнасына түсіруге шынайы мүдделі болуынан туындап отыр.

Жүздесушілер Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі Мюнхень конференциясы Негізгі топтарының Минскіде өтіп жатқан отырысының күн тәртібі бойынша пікір алмасты. Қ.Тоқаев онда беларус мемлекеті басшысының сөзін атап өтті, оның айтуынша, форумның басқа қатысушылары да оны бағалап отыр. «Іскерлік тұрғысындағы ашық әңгіме болды әрі халықаралық және еуропалық қоғамдастықтың атына да өте салмақты ишаратқа толы деуге болады», — деді Сенат басшысы. Қ.Тоқаевтың пікірінше, қатысушылардың өкілетті құрамы мен шарада талқыланатын мәселелердің ауқымы Беларусьтің әлемдік күрделі мәселелердің шешімін іздестіру үшін мойындалған алаңға айналып келе жатқанын көрсетеді.

1 қарашада Қ. Тоқаев Мюнхень конференциясы Негізгі топтарының Минскіде өтіп жатқан кездесуіне қатысты. Аймақтық қауіпсіздіктің кескін-келбеті шараға қатысушылардың дағдылы назарында болды. Беларусь астанасындағы пікірсайыста Шығыс-Батыс арасындағы өзара қарым-қатынастар, аймақтық текетірестер, Шығыс Еуропадағы экономикалық жағдай, сондай-ақ энергетикалық және трансұлттық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері қамтылды.

Форумда мемлекеттер мен үкіметтердің басшылары, парламенттер төрағалары, халықаралық ұйымдардың жетекшілері, ықпалды қоғам қайраткерлері мен талдау орталықтарының өкілдері сөз алды. Қ.Тоқаев Минск процестері мен Шығыс пен Батыстың өзара қарым-қатынастарына арналған тақырыптық сессияларға қатысты. Қазақстан делегациясының басшысы конференция аясында Армения Президенті Армен Саркисянмен кездесті. Әңгіме барысында екіжақты күн тәртібіндегі мәселелер қаралды. Қ.Тоқаев пен А.Саркисян саяси және сауда-экономикалық салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге ықылас білдірді.

Қазақстан Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Беларусь Ұлттық жиналысы Республика Кеңесінің Төрағасы Михаил Мясниковичтің Инновациялық саладағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі кіші комиссия құру туралы хаттамаға қол қоюы парламенттік құрам сапарының қорытындысы болды. Екі мемлекет парламенттері жоғарғы палаталар төрағаларының алдындағы келіссөзінде осы мәселе бойынша уағдаластыққа қол жеткен болатын. Бұл арнадағы өзара іс-қимыл парламентаралық үнқатысуда жаңа мүмкіндіктерді ашады және бірлескен жобаларды іске асыру мен қазіргі заманғы технологияларды ілгерілетуді заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етуге байланысты оң нәтиже беретін болады.

Қол қою салтанатының соңында Қ.Тоқаев «Біз үкіметтерді де, үкіметтік еместермен қоса басқа да ұйымдарды дәл осы салада өзара тығыз іс-қимыл жасауға ынталандыруды өз міндетіміз ретінде көріп отырмыз. Беларусь экономикасы орнықты қарқынмен дамып келеді және Қазақстан бір жағынан Беларусь тәжірибесін зерделеуге, ал екінші жағынан осы салада өзара іс-қимылға мүдделі болып отыр», — деді.

Дереккөз: Рarlam.kz.

Previous Post

8 сағаттық жұмыс режимін бұзған министрліктер анықталды

Next Post

Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше елдердің Үкімет басшылары кеңесінің мүшелерімен кездесті

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.