Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының 2018 жылғы «25» қаңтардағы №42-Ж/Қ-М бұйрығымен Смағұлова Ләззат Уақитқызы Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды
Смағұлова Ләззат Уақитқызы 1970 жылы туылған, білімі жоғары, 1992 жылы Абай атындағы Қазақ Қызыл Ту Орденді мемлекеттік педагогикалық университетін «әлеуметтік, кеңестік құқық және тарих пәнінің мұғалімі» және 2007 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «экономист» мамандықтары бойынша бітірген. 1992-1994 жылдары Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатында мұрағатшы, 1994-1998 жылдар аралығында Алматы қаласындағы «Құқықтық орталық» ЖШС-де заңгер, 1998-2001 жылдары Қазақ Мемлекеттік аграрлық университеті және Салық полициясы Академиясында оқытушы , 2001-2002 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің бас маманы, 2002-2007 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің персоналмен жұмыс бөлімінің бастығы, есеп және кадр жұмысы басқармасының бастығы, 2007-2011 жылдары Өзбекстан Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің бірінші хатшысы, «Оңтүстік» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ-ның ішкі аудит қызметінің бастығы, 2011-2015 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, 2015-2016 жылдары «Нұр Отан» партиясы» Орталық аппараты басшысының орынбасары, 2016 жылдың қыркүйегінен бастап ҚР Республикасының Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі қызметтерін атқарған.