Сүйінші! Әріптесіміз, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Абзал Әділбеков Бәйдібек аудандық «Алғабас» газетінің бас редакторы болып тағайындалды. 1995 жылы Әл-Фараби атыңдағы Қазақ Ұлттық Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіргеннен соң, еңбек жолын дәл осы «Алғабас» аудандық газетіңде фото-тілші болып бастаған. Ауданың тыныс-тіршілігі, экономикалық дамуы, өндіріс озаттары жайлы танымдық, сараптамалық және көркем дүниелер жазып көзге түсіп, аудандық газетте қатардағы тілшіден жауапты хатшы қызметіне дейін көтерілді. 2003 жылдан бері « Шаян» тәуелсіз апталық газетінің бас редакторы болып жұмыс істеп келеді. Бәйдібек аудандық мәслихатының IV-V шақырылымындағы депутаты. Бәйдібек ауданының «Құрметті азаматы». Әділбеков Абзал Әлішерұлы Қызметіне табыс, еңбегіне сәттілік тілейміз.
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ТЕГІН ЖҮРЕДІ
1 мамырдан бастап мектеп оқушылары қоғамдық көлікпен тегін қатынайтын болады. Бұл туралы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті XV сессиясында айтылды. Күн...