Түркістан қалалық сотының төрағасы ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына сілтеме жасап.
«Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы, Түркістан қалалық сотының төрағасы О.Серікбаевтың қылмыстық ісін әшкереледі. Күдікті сотталушының жазасын жеңілдетіп беремін деп, оның адамынан 3 млн теңге алған»,-деп жазылған хабарламада. О. Серікбаев енді жасаған қылмысына қатысты жинақталған дәлелдер бойынша ҚР ҚК 190 бабының 3 бөлімі, 1,2 тармақтары бойынша жауапқа тартылады.
Астана қаласы, Есіл аудандық сотының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы шешімімен О.Серікбаев тұтқынға алынды.
О.Серікбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда.
Дереккөз: inform.kz