Облыс әкімі іс-сапарының соңғы нысаны Аққұм ауылындағы мал бордақылау орны болды. Аққұм ауылдық округінде орналасқан «Тұмар» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі төрағасы Әли Мұхит Оралбайұлы.
Өндірістік кооператив АИО «Оңтүстік» 53 млн. теңге, ал «ҚазАгро» қаржылай қолдау орталығынан 53 млн. теңге көлемінде несие алып өз жұмысын бастаған. Жылына 75 мың тоннаға дейін ет өндіріп экспортқа шығару мақсатын көздеп отырған мал сою цехында күніне 100 бас ірі қара союға мүмкіндік бар. Алдағы уақытта ет өнімдерін жөнелтуге бірқатар мемлекеттермен келісімдер жүргізілуде екен.
25 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылған.
«Айғақ-ақпарат».