• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Тамыз 1, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Шымкент МӨЗ авиаотынды өндіруді 1,5 есеге, жоғары октанды бензинді өндіру көлемін 3 есе ұлғайтады

30.09.2017
0

Қазақстан Республикасының Премьер— министрі Бақытжан Сағынтаев Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Шымкенттегі бірқатар нысандарды аралады. Үкімет басшысы алдымен «Петро Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС-де болып, Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы жаңғырту және қайта құрастыру  жобасының іске асу барысымен танысты. Нысандарды аралау кезінде Премьер-министр пайдалануға берілген шикізатты алдын ала гидротазалау блогы бар жеңіл бензин фракцияларын изомерлеу қондырғысынның жұмысын көріп шықты. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен «Петро Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС басшылығы Үкімет басшысына екінші кезең аясында қуаты жылына 2 млн тонна болатын мазутты және вакуумдық газойлды өңдеуге арналған RFCC каталитикалық крекинг кешеніндегі жұмыс барысы туралы баяндады.

Айта кетейік, Шымкент мұнай өңдеу зауыты биылғы жылдың маусымынан бастап Кеден одағының техникалық регламентінің талаптары бойынша К-4, К-5 экологиялық кластағы жоғары октанды бензин шығаруды қолға алған болатын. Бұл мұндағы жаңғырту жұмыстарының 1-ші кезеңінің жемісі. Енді зауыттағы жаңғыру жұмыстарының 2-ші кезеңі 2018 жылдың қыркүйегінде аяқталады деп жоспарлануда. Нәтижесінде жоғары октанды бензин өндіру көлемі жылына 652-ден 2 270 мың тоннаға дейін, дизель отыны — 1 192-ден 1 916 мың тоннаға дейін, авиаотын –  254 -тен 400 мың тоннаға дейін өседі. Зауытта жоғары октанды автобензиндерді өндіру үлесі 100% құрайтын болады. Премьер–министр зауыттағы қайта құрылымдау жұмыстарын уақтылы аяқтауға және Қазақстан нарығын жоғары сападағы моторлық отындармен қамтамасыз етуге қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

Үкімет басшысы бұдан кейін Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан кәсіпорындарды аралап көрді. Жұмысшы топ шыны бұйымдар шығаратын «Еврокристалл» зауыты болып, өндірістік процесспен және дайын өнім түрлерімен танысты. Айта кетейік, кәсіпорында түрлі қалыпта, сыйымдылығы 200 мл-ден 3 литрге дейінгі түссіз және жасыл түсті бөтелкелер мен құтылар әзірленеді. Осынау өнімдерге Қазақстанның барлық аймағы мен Қырғызстаннан тапсырыстар келіп түсуде. Жылына 200 млн дана шыны құты шығаруға қауқарлы кәсіпорында 350 адам жұмыспен қамтылған. Кәсіпорын жұмысымен таныстырған серіктестіктің бас директоры Рустам Сухов бүгінде зауыт жұмысының 95 пайызы автоматтандырылғанын және жұмыс iстеу аясын кеңейтiп, көмiрқышқыл газын өндiрудi қолға алғанын атап өтті.

Бақытжан Сағынтаев бастаған делегация керамогранит өндірісімен айналысатын «Зерде-Керамика» кәсіпорнында болып, елімізде баламасы жоқ зауыттың өнім түрлерімен танысты. Кәсіпорын жыл соңында өндірістің екінші желісін іске қосып, өнім көлемін 2 миллионнан 4,5 млн шаршы метрге дейін жеткізуді жоспарлауда. Жоба импортты алмастыру бағытында жұмыс істейді. Мұнда экспорттың үлесі 30 пайыз болса, қалған 70 пайызы еліміздің өзге облыстарына жөнелтілуде. Өндірістегі итальяндық автоматтандырылған жүйе бар шаруаны – құрауыш шикізаттарды араластырып, дайын өнімді қаптауға дейін атқара алады. Ал техниканың қызметін 140 адам қадағалап отырады. Ал мұндағы шикізаттың 60 пайызы жергілікті болса, 40 пайызы шетелден тасымалданады.

Айта кетейік, бүгінде «Оңтүстік» индустриалды аймағында жалпы сомасы 55,8 млрд теңге болатын 85 жоба жүзеге асырылуда. Бес мың жұмыс орны ашылған. Бүгінде құны 21,4 млрд теңге болатын 46 жобасы іске қосылып, үш мың адам жұмыспен қамтылып отыр.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫНА АЙНАЛҒАН ОПЕРАТОР

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 4668 БАСПАНА

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Шымкентте тағы 30 отбасы баспаналы болып, көптен күткен қуанышқа кенелді. Қала әкімі қатысқан салтанатты рәсімде жаңа пәтердің кілті табысталып, тұрғындардың...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫНА АЙНАЛҒАН ОПЕРАТОР

ҚАЛДЫҚТАН ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ ӨНДІРІЛЕДІ

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Шымкентте экология мен энергетиканы ұштастыратын ірі инвестициялық жобаның құрылысына капсула салынды. Енді тұрмыстық қалдықтар қоқыс полигонына жөнелтілмей, заманауи технология арқылы...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫНА АЙНАЛҒАН ОПЕРАТОР

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫНА АЙНАЛҒАН ОПЕРАТОР

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Жылдамдықпен жүйткіген спортшыларды түсіремін деп, мәреге олардан бұрын жеткен видеооператор бүгінде әлеуметтік желінің жұлдызына айналды. Желі қолданушылары оны «желаяқ оператор»...

ЗАҢСЫЗ БЕРІЛГЕН 150 ГЕКТАР ЖЕР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

ЗАҢСЫЗ БЕРІЛГЕН 150 ГЕКТАР ЖЕР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Шымкенттегі жердің әр гектары есепте тұр. Жалпы аумағы 116 мың гектардан асатын қалада жер қорын тиімді басқару басты назарда. Миллиардтаған...

МЕКТЕПТЕ АШЫЛҒАН АЛҒАШҚЫ КҮРЕС ЗАЛЫ

МЕКТЕПТЕ АШЫЛҒАН АЛҒАШҚЫ КҮРЕС ЗАЛЫ

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Білім саласы бойынша 3-ші мегаполисте тағы бір тарихи сәт. №140 мектепте алғаш рет халықаралық стандартқа сай күрес залы пайдалануға берілді....

ТӘРТІП – ЖАУЫНГЕРЛІК ҚАБІЛЕТТІҢ ТІРЕГІ

ТӘРТІП – ЖАУЫНГЕРЛІК ҚАБІЛЕТТІҢ ТІРЕГІ

Айғақ медиа
27.07.2026
0

Әскери тәртіп – Қарулы Күштердің жауынгерлік қабілетін айқындайтын басты талаптардың бірі. Әскери жарғыны бұзу тек тәртіптік жауапкершілікке ғана емес, жауынгерлік...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.