WorldBoxingNews.net сайтының pound-for-pound (Р4Р) бойынша үздік боксшылардың тізімінде қазақстандық боксшы Геннадий Головкин бірінші орынға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Айта кеткен жөн, өткен демалыс күндері WBA (Super), WBC, IBO мен IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мексикалық боксшы Сауль Альвареске қарсы жекпе-жекте барлық титулдарын қорғап шықты. Оған қоса, күні кеше америкалық боксшы Андре Уорд спорттық мансабын аяқтайтынын мәлімдеді. Бұның барлығы Р4Р рейтінгісінің өзгеруіне әсер етті. Осылайша, Геннадий Головкин рейтингте алғаш рет бірінші орынға шығып отыр. Одан кейін Теренс Кроуфорд пен Василий Ломаченко орналасты. Ал GGG-дің кешегі қарсыласы Сауль Альварес төртінші орында келеді. Р4Р рейтінгісінің үздік ондығы: 1. Геннадий Головкин; 2. Теренс Кроуфорд; 3. Василий Ломаченко; 4. Сауль Альварес; 5. Майки Гарсия; 6. Гильермо Ригондо; 7. Мигель Котто; 8. Наоя Иноуэ; 9. Кит Турман; 10. Хорхе Линарес.
Дереккөз: ҚазАқпарат