Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы болып қайта сайланды, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметінен.
Қ.Тоқаевтың кандидатурасын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынып, оны Сенаттың жалпы отырысына хат жолдады. Жасырын дауыс беру нәтижесінде депутаттар Жоғарғы Палатаның қазіргі төрағасының кандидатурасын бірауыздан мақұлдады.
Естеріңізге сала кетейік, 13 қыркүйекте Қ.Тоқаев Мемлекет басшысының жарлығымен Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды.