Өрмекші адам, бэтман, қара киімдегілер. Бұл кейінгі буынның көгілдір экраннан күнделікті тамашалайтын кейіпкерлері. Өйткені АҚШ-тың бұл туындылары еліміздің жергілікті телеарналарында кеңінен насихатталуда. Ал қазақ әдебиетінде аты аңызға айналған жаужүрек батырларымыз, соның ішінде Алпамыс батыр жайлы жас балғындардың бірі білсе, енді бірі біле бермейді. Осы орайда қаламыздағы Қуыршақ театры жас көрермендеріне арнап «Алпамыс» қойылымын ұсынды. Нақ осы туынды «Түркістан — түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы» жобасы аясында өтетін Халықаралық қуыршақ театрларының фестиваліне жолдама алған. «Алпамыс батыр» эпосы жас буынның бойына батырлық рухты қалыптастырып, елін, жерін қорғауға баулиды. Өйткені, Алпамыс тұлғасы әрі сарбаз, әрі әділдікке жанашыр кейіпкердің бірі.
Айзада Бидан