Елжан Біртанов Қазақстан денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды, деп хабарлады елбасының баспасөз қызметінен.
«Елжан Амантайұлы Біртанов Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалсын», -деп көрсетілген Ақорданың ресми сайтында сәрсенбі күні жарияланған хабарда.
Е.А. Біртанов бұған дейін денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі болды.