• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Мамыр 30, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Шымкентте аудан әкімдерінің есебі жалғасуда

20.01.2017
0

Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 10-шы қадамы Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» бағытына арналған.  Осыған сәйкес барлық денгейдегі әкімдердің халық алдындағы есеп беру кездесулері жалғасуда. Солардың бірі Шымкент қаласында жаңадан құрылған Қаратау ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов кезекті есеп беру жиынын Асар шағынауданындағы №89- мектеп –лицейінде өтті.

Шымкент қаласының Қаратау ауданының аумағы 32 мың 256 гектарды құрайды. Құрамына 17 шағын аудан мен 13 тұрғын алабы  қарайтын ауданның   213 мыңнан астам халқы бар.  Қала аумағының жыл санап кеңеюіне байланысты жаңадан құрылған Қаратау ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов өзінің екінші есеп беру кездесуін бұл жолы Асар шағын ауданындағы №89 мектеп-лицейінде өткізді. Жиынға ауданға қарасты бірқатар елді мекен тұрғындары, осы аумақтан сайланған мәслихат депутаттары және де Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов пен әкімдікке қарасты бөлім басшылары, сонымен бірге құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты. Ал есепті баяндамасында атқарылған жұмыстарға жан-жақты тоқталған Ғабит Патшаханұлының айтуынша Қаратау ауданында өткен жылы жалпы ұзындығы 110 шақырымды құрайтын 82 көшені күрделі, орташа және қайта құру жұмыстарынан өткізуге тиісті қаржы қарлған. Нәтижесінде былтыр 66 көшедегі құрылыс жұмыстары аяқталса, қалған 16 көше 2017 жылға өтпелі нысандар қатарында.

Мұнан өзге аудан аудан аумағында 28 мың 399 тұрғын үй табиғи газбен қамтылған болса, қамтылмаған тұрғын үйлер саны 12 мыңнан асады. Осыған байланысты өткен жылы Таскен тұрғын алабы мен Мирас шағын ауданында  газдандыру бағытындағы құрылыс жұмыстары аяқталса, бүгінде аталмыш елді мекен тұрғындарын көгілдір отынға қосу шаралары жүргізіліп келеді.  Сонымен бірге былтыр Бозарық саяжайында табиғи газбен қамтуға 727 млн. тенге қаржы бағытталып, тиісті жұмыстардың аяқталу мерзімі 2017 жылға жоспарланған.

Ал мұнан соң есепті жиынға келген тұрғындар аудан әкіміне толғандырған мәселелерін айтып сауалдарын қойып жатты. Айта кету керек, бұл жерде көтерілген мәселелердің бірқатары елді мекендердегі тар көшелердің жайы мен  аяқжолдарға қатысты болды. Сонымен бірге, тұрғындар әкімге айтқан ұсыныстары мен бірге атқарылған жұмыстарға да өз бағаларын беріп жатты.

Осылайша өрбіген жиын барысында қойылған сауалдардың басым бөлігі Қайнарбұлақ Бозарық саяжайы тұрғындарынан түсіп жатты. Яғни аталмыш аймақтарда тұратын ағайын көбіне көшелерді жарықтандыру балабақша тапшылығы, мектепке барар жолдардың жайы  қоғамдық көліктер мәселесін көтерді.

Аудан тұрғындарынан келіп түскен сауалдардың басым бөлігі коммуналды салаларға қатысты болғандықтан кездесу соңында бұл бағыттар бойынша биылғы жылы атқарылатын жұмыстарға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов тоқталып өтті. Есепті кездесу барысында аудан тұрғындарынан жазбаша түрде де әкімге 17 сауал 5 ұсыныс келіп түскен болатын. Ал бұған аудан әкімі жазбаша жауап берілетіндігін жеткізіп, екі сағатқа жуық уақытқа созылған жиынды қорытындылады. Бұл ретте тұрғындар әкімнің жылдық есебіне  өздерінің оң бағаларын беріп тарқасты.

Абай Омар

Бөлісу3TweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАЛАР ЖАЗҒЫ РЕЖИМГЕ КӨШІРІЛУДЕ

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАЛАР ЖАЗҒЫ РЕЖИМГЕ КӨШІРІЛУДЕ

Айғақ медиа
27.05.2026
0

Шымкент қаласындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасында әскери техникаларды жазғы пайдалану режиміне көшіру жұмыстары аяқталуға жақын. Қару-жарақ пен арнайы техникаларға...

АТА ЗАҢДА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

АТА ЗАҢДА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Айғақ медиа
26.05.2026
0

1 шілдеде күшіне енетін Ата Заңда мұғалімдердің құқықтары қалай қорғалады? Жаңа Конституцияның негізгі өзгерістері қандай? Қала аумағында заңгерлер тұрғындарға түсіндіру...

85 ГРАММ АЛТЫН: ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУ КІМГЕ МІНДЕТ?

85 ГРАММ АЛТЫН: ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУ КІМГЕ МІНДЕТ?

Айғақ медиа
25.05.2026
0

Кейбірі сауап үшін мал сояды, енді бірі оны міндет деп түсінеді. Алайда Құрбан айттың шынайы мәні неде? Арафа күні неліктен...

ЖЕДЕЛ КӨМЕК ЕНДІ ЖЫЛДАМ ЖЕТЕДІ

ЖЕДЕЛ КӨМЕК ЕНДІ ЖЫЛДАМ ЖЕТЕДІ

Айғақ медиа
25.05.2026
0

Қаратау ауданында әмбебап жедел қызмет көрсету бекеті ашылды. Ерекшелігі өрт сөндіру, полиция және медицина қызметкерлері бір орталықта жұмыс істейтін болады....

ОҢАЙ ОЛЖА – ОРҒА ЖЫҒАДЫ

РУХАНИЯТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.05.2026
0

Мәдениет және өнер саласының үздіктері марапатталды. Төсбелгілерді қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек табыстады. Аталмыш рәсімде мәдениет саласының өкілдеріне құрмет көрсетіліп,...

ОҢАЙ ОЛЖА – ОРҒА ЖЫҒАДЫ

ОҢАЙ ОЛЖА – ОРҒА ЖЫҒАДЫ

Айғақ медиа
22.05.2026
0

Шымкентте «Бостандық бағасы» тақырыбында жастармен жиын өтті. 1200-ге жуық оқушы жазасын өтеушілермен тікелей эфирде тілдесті. Іс-шарада жас өрендердің құйтырқы әрекеттер...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.