ОҚО әкімі Ж.Түймебаевтың Өкімімен Бауыржан Жамалов облыс әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Облыстық мәслихаттың депутаты Бауыржан Жамалов 1993 жылы Ташкент қаласындағы Тоқыма және жеңіл өнеркәсіп институтын, 2002 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген. Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасының мүшесі. 2009 жылдан бері – «Мырзакент-Холдинг» ЖШС бас директоры, «Azala» текстиль тоқыма кәсіпорының директоры.
МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ САПАСЫ АРТЫП, ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЕМДЕУ ӘДІСТЕРІ ЕНГІЗІЛУДЕ
Шымкент қаласында денсаулық сақтау саласын дамыту, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, тұрғындардың өмір сүру ұзақтығын ұлғайту бағытында жүйелі жұмыстар...










