Бүгін алтыншы шақырылған Шымкент қалалық мәслихатының кезекті он бірінші сессиясында Дендросаябаққа қоғам қайраткерінің атын беру мәселесі бірауыздан оң шешімін тапты. Айта кетейік, Асанбай Асқаров 1978 жылдан 1985 жылға дейінгі аралықта Оңтүстік Қазақстан облысы обком партиясының бірінші хатшысы қызметін атқарған. Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары басшының іскерлігімен қалада көптеген әлеуметтік құрылыстар жүріп, шағынаудандар бой түзеген. Облыс орталығында көпшіліктің көз қуанышына айналған дендросаябақ та тұғырлы тұлғаның тікелей атсалысуымен халық игілігіне берілген болатын.
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ТЕГІН ЖҮРЕДІ
1 мамырдан бастап мектеп оқушылары қоғамдық көлікпен тегін қатынайтын болады. Бұл туралы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті XV сессиясында айтылды. Күн...