Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарабев Үкіметке қазақстандықтардың зейнетақысын 2017 жылы 20%-ға көтеруді тапсырды, — деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.
«Келесі жылы зейнетақы мөлшерін 2016 жылғымен салыстырғанда 20%-ға көтеруді тапсырамын. Ол 2 миллион 200 мың қазақстандықты қамтиды», — деді Н. Назарбаев бейсенбі күні ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиында.
Сондай-ақ президент туылған балаға бір рет берілетін мемлекеттік жәрдемақының мөлшерін 2017 жылы 1 маусымда 20%-ға көтеруді тапсырды.