• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Қазан 18, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Оңтүстік Қазақстанда мәдениеттің 25 танымал тұлғасы марапатталды

12.12.2016
0

Бүгін оңтүстікқазақстандықтар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 НЕГІЗІ» атты 25 жұлдызды күндер акциясы аясындағы «МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ РУХАНИЯТ» күнін атап өтті.

Осы күні өңірімізге ғана емес, бүкіл республикамыздағы мәдениет және руханият саласына сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін елімізге белгілі 25 қоғам қайраткері облыс әкімінің арнайы сыйымен марапатталды.

Салтанатты жиында сөз алған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев барша жұртшылықты Егемендіктің мерейлі тойымен құттықтап, мерекенің Алаш үшін маңыздылығына тоқталды.

«Еліміздің өркендеуінде оңтүстікқазақстандықтардың алар орны айрықша. Оған ешкімнің де дауы болмауы керек. Ал өңірімізде нақты мәселелерге назар аударылып, тиісті жұмыстар атқарылып жатыр деп анық айта аламыз. Жылдан жылға халқымыздың әлеуеті артып, облыс экономикасы қарыштап дамып келеді. Осынау толайым табыстар мен нәтижелі жетістіктерімізде мәдениет және руханият саласында еңбек етіп жүрген Сіздердің де үлестеріңіз мол деп білемін. Еңбек – еленуі тиіс! Осы мақсатта мәдениет пен руханият саласына еңбегі сіңген азаматтарға арнайы сыйлық тағайындап отырмын. Бұл сыйлық жыл сайын мәдениет қызметкерлері күні мерекесі қарсаңында табысталатын болады», — деді Ж.Түймебаев.

Облыс әкімінің бес жүз мың теңге көлеміндегі арнайы сыйы, атап айтқанда, Сәбит Оразбай, Мұхтар Шаханов, Ерболат Төлепбай, Асанәлі Әшімов, Дулат Исабеков,  Сатыбалды Нарымбетов, Көпен Әмірбек, Нұржамал Үсенбаева, Татьяна Бурмистрова, Еркінбек Тұрысов, Мекемтас Мырзахметов, Мархабат Байғұт, Нармахан Бегалы, Ханбибі Есенқарақызы, Әселхан Қалыбекова, Бақытжан Алдияр, Сүгірәлі Сапарәліұлы, Сапар Өтемісов, Жеңіс Қарғабаев, Абдулла Жұмашев, Ғалия Жомартова, Сәбираш Абдраимова, Құттыбек Жақыпов, Игорь Вербицкий және Жұмабек Есимовтерге табысталды.600_174«Оңтүстік Цирк» ғимаратында өткен шарада облыс әкімі цирк ұжымын 5 жылдық мерекесімен құттықтап, нысанның материалдық техникалық базасын нығайту мақсатында 20 орындық «Mersedes Benz — Sprinter» автокөлігін тарту етті.

Іс-шара барысында Құрманғазының «Сарыарқа», «Балбырауын» күйлерін шерткен домбырашылардың флэшмобы ойналса, облыстық мәдениет және өнер мекемелерінің 300 қызметкерінен құралған хор Шәмші Қалдаяқовтың «Отан» әнін айтты.

Салтанатты шара соңында Оңтүстік Қазақстан облысының зиялы қауым өкілдері мен мәдениет қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа жазған құттықтау ашық хаты оқылды. Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрының жас әртісі Нүркен Орынбековтың оқуындағы хатта Елбасының осынау ширек ғасырда елімізді барлық салалар бойынша дамытудағы сарабдал саясаты мен оның нәтижелі жемісі айта келе, Мәңгілік Ел идеясын ұстанған осы дара жолда ашық хат иелерінің, әрдайым, Ұлт көшбасшысы – Мемлекет басшысымен бірге болуға дайындығы баяндалған.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘСЕМДІК ПЕН ШЕБЕРЛІК САЙЫСЫ

ҰЛТТЫҚ ӨНЕР МЕН ЗАМАНАУИ СӘН ТОҒЫСТЫ

Айғақ медиа
17.10.2026
0

Шымкентте сән, ұлттық нақыш пен кәсіпкерлікті бір арнаға тоғыстырған TERRA көрмесі басталды. Үш күнге жалғасатын ауқымды  шара отандық брендтер мен...

ӘСЕМДІК ПЕН ШЕБЕРЛІК САЙЫСЫ

ӘСЕМДІК ПЕН ШЕБЕРЛІК САЙЫСЫ

Айғақ медиа
17.10.2026
0

Шымкентте көркем гимнастикадан қала әкімінің кубогы басталды. Байрақты бәсекеге Қазақстанның бірнеше қаласы мен Қырғыз Республикасынан да қатысушылар келген. Жалпы 400-ден...

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

ОТАНҒА АДАЛДЫҚ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ: ӘСКЕРИ ТӘРБИЕНІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

Айғақ медиа
16.10.2026
0

Сабыр Рахымов атындағы әскери колледжде алғаш рет 105 кадет Әскери ант қабылдап, ел алдындағы жауапкершілігін сезінудің маңызды қадамын жасады Шымкент...

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

 «ТАРТЫЛ FEST»: ШЫМКЕНТТЕ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТҚА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ АРТЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
16.10.2026
0

Шымкенттегі «Арбат» аллеясы спортсүйер қауымның басын қосқан алаңға айналды. Мұнда жастар арасында воркаутты дәріптеп, бұқаралық спортты дамытуға бағытталған «Тартыл FEST»...

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІККЕ ЖАҢА МҮМКІНДІК

Айғақ медиа
16.10.2026
0

Қазақстан-Венгрия бизнес-форумында өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, технология тарту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Экономиканы әртараптандыру, шетелдік инвестиция тарту және...

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ

Айғақ медиа
16.10.2026
0

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында бой көтерген кешен мүгедектігі бар азаматтардың денсаулығын қалпына келтіруге және қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік береді....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.