• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Тамыз 28, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

И.Тасмағамбетов: Ғаламдық проблемаларды шешуде ҮЕҰ ерекше рөл атқарады

26.11.2016
0

Кеше Астанада VII Қазақстанның Азаматтық форумы өтті. Бұл қоғамдық ұйымдар мен билік өкілдерінің арасында өзара ықпалдастық пен іс-қимыл жүргізу үшін құрылған ерекше сұқбат алаңы. Делегаттар кездесуі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында ҚР Ұлттық музейінде болды, деп хабарлайды ҚР Прмьер — Министрінің баспасөз қызметі.

45b89d33231d0c0c29f6a598371713bb_resize_w_690_h_390

Форумға республикалық және өңірлік ҮЕҰ өкілдері, Парламент депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдарының өкілдері, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар және БАҚ өкілдері қатысты.

«Азаматтық қоғам дамуының жағдайы және перспективалары» тақырыбында өткен форумның пленарлық отырысына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов қатысты. Талқылау барысында вице-премьер үкіметтік емес ұйымдардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық өміріндегі жасампаз рөлінің маңызын ерекше атап өтті.

«Азаматтық форум дегеніміздің өзі – бір ұжымның, я бір ұйымның күнделікті өтетін жиналысы емес, пікір-таласы қайнаған, әлеуметтің айнасын айшықтап, осыған орай ұсыныс-тілегін дайындаған нағыз ойлы да орамды орта. Оның қоғамға берер құндылығы да, мемлекетке керек шындығы да, міне, осында. Сөз жоқ, осында отырған көпшілігіңіздің ел дамуында қаншалықты үлестеріңіз мол болса, Тәуелсіздігіміз бен Елбасының да өздеріңіз тасын «өрге домалатып жүрген» үкіметтік емес ұйымдардың өсіп-өркендеуінде рөлі талассыз», — деді өз сөзінде И. Тасмағамбетов.

Вице-премьер атап өткендей, бүгінгі таңда Қазақстанда 18 мыңнан аса қоғамдық ұйымдар тіркелген, оның ішінде 8 мың үкіметтік емес ұйым белсенді жұмыс жасайды. Азаматтық секторда 30 мың адам жұмыспен қамтылған. Негізінен бұл жастар саясаты мен балалар бастамасы, халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобын қолдау, білім және ғылым, спорт және дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын насихаттау, азаматтардың өмірі мен құқықтарын қорғау саласындағы қызметтер.

Форум барысында үкіметтік емес ұйымдары жетістіктерін көрсететін көрме өтті. Онда Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуы мен нығаюындағы қоғамдық бірлестіктердің қосқан үлесі таныстырылып, форум делегаттары министрліктер мен ведомстволардың басшыларымен кездесті. Сондай-ақ, Республикалық «Таным» байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Еске сала кетейік, осынау форум қарсаңында Астана, Алматы қалаларында және облыс орталықтарында үкіметтік емес ұйымдардың өңірлік форумдары өтті. Оның барысында аймақтар алдында тұрған мәселелерді шешу жолдары талқыланып, ұсынымдар әзірленді және республикалық форумға қатысатын делегаттар сайланды.

Сонымен қатар, «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына ҮЕҰ-нан 25 бастама» Республикалық акциясы өтті. Яғни, әрбір өңірлік форум барысында ҮЕҰ өкілдері бірігіп аймақтың нақты бір проблемасын шешуге бағытталған жобаны жүзеге асыру бастамасын көтерді. Өңірлік 16 бастамамен қатар, 9 республикалық қоғамдық бірлестік әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған 9 бастама көтерді. Осылайша, «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына ҮЕҰ-нан 25 бастама» Республикалық акциясы салтанатты түрде бастау алды.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

104 МЕШІТТІҢ ДІНИ АХУАЛЫ САРАЛАНДЫ

СҮЙЕК КЕМІГІНЕ ЖАСАЛҒАН АЛҒАШҚЫ ТРАНСПЛАНТАЦИЯ

Айғақ медиа
27.08.2026
0

Шымкентте алғаш рет гемопоэздік дің жасушаларының аутологиялық трансплантациясы жасалды. 7 тамызда орындалған күрделі операциядан кейін пациенттің жағдайы оң динамика көрсетіп...

104 МЕШІТТІҢ ДІНИ АХУАЛЫ САРАЛАНДЫ

104 МЕШІТТІҢ ДІНИ АХУАЛЫ САРАЛАНДЫ

Айғақ медиа
27.08.2026
0

Шымкентте діни ахуалды тұрақты сақтау бағытындағы жұмыстардың нәтижесі талқыланды. Қалада бүгінде 104 мешіт бар. Алғаш рет барлық мешіттің діни ахуалы...

ШЫМКЕНТТІКТЕР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

ШЫМКЕНТТІКТЕР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Айғақ медиа
25.08.2026
0

Шымкентте Құрылтай сайлауы өзгеше көңіл-күймен өтті. Азаматтық таңдауын жасауға келген тұрғындардың арасында ұлттық нақыштағы және ерекше киім үлгілерімен көпшіліктің назарын...

ТОЗҒАН ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ЖАҢАРДЫ

ТОЗҒАН ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ЖАҢАРДЫ

Айғақ медиа
25.08.2026
0

Мегополисте ескірген орындарды жаңарту жұмыстары қарқынды. Тұран ауданында балаларға арналған жаңа ойын алаңшасы қолданысқа берілді. Қазір дәл осындай 28 нысанда...

40 ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ

40 ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Шымкентте тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Кезекті 40 отбасы Бозарық шағынауданынан жаңа пәтерлерінің кілтін алып, қоныс тойын тойлады....

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

ТҰРАНДА ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ 100 % ШЕШІЛДІ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Тұран ауданында инженерлік инфрақұрылым шешім тапты деуге болады. Тек табиғи газ бен кәріз жүйесін қоспағанда.  Аудан басшысы бұл 2027 жылдың...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.