Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»И.Тасмағамбетов ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық және оны өткізу мәселелері бойынша кеңес өткізді
    Жаңалықтар

    И.Тасмағамбетов ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық және оны өткізу мәселелері бойынша кеңес өткізді

    Айғақ медиаАйғақ медиа17.10.2016178 Views

    ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық және оны өткізу мәселелері бойынша кеңес өткізді.

    Кеңес жұмысына Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев, ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мухамедиұлы және «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Марат Омаров қатысты.

    Астанада өтетін көрменің маңыздылығын айта келе, И. Тасмағамбетов ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыру және өткізу тәуелсіз Қазақстанның барлық жетістіктерін және елорданың келбетін паш етуі тиіс екендігін баса айтты. Осыған орай, шараны өткізуге және қонақтарды қабылдауға елорда инфрақұрылымының дайындығын қамтамасыз ету, сондай-ақ, көрме қонақтары және қатысушыларының қауіпсіздігі, олардың қызықты әрі барынша жайлы орналасуы үшін бүкіл шаралар қабылдануы қажет.

    Еске сала кетейік, бүгінгі таңда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Астана қаласының әкімдігімен, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ бірлесіп арнайы кешенді бағдарлама әзірледі. Ол әртүрлі жанрлық бағыттағы мәдени іс-шаралар өткізуді қарастырады. Атап айтқанда, қазақтың дәстүрлі өнерін көрсету, театрлық-бұқаралық шаралар, халықаралық жобалар, көрмелер, спорттық және ағартушылық-тақырыптық шаралар.

    Вице-премьер атап көрсеткендей, қалалық құрылымдар алдында жоғары деңгейде қызмет көрсету мәселесі тұр. Ұйымдастыру жұмысы аясында ЭКСПО көрмесі нысандарының, жалпы Астана қаласындағы көліктік инфрақұрылымның қалыпты қызметі мәселесі байыппен шешуді қажет етеді. Көлік-логистикалық жүйені жетілдіру, қоғамдық көліктің бағдарлық желісін оңтайландыру, көлік ағымын басқарудың жаңа жүйесін енгізу жұмысына ерекше көңіл бөлінуі қажет.

    Бұл орайда, кеңес барысында вице-премьер бірқатар тапсырмалар берді. Астана қаласының әкіміне жұмыс штабымен бірлесіп елорданың инженерлік-көліктік инфрақұрылымын егжей-тегжейлі зерделеу тапсырылды. Дәлірек айтқанда, жолдағы жүктемені азайту мақсатында көлік ағымын модельдеу бойынша қолайлы нұсқаларды есептеу, қонақтардың келу және олардың қауіпсіз орналасуы бойынша ұйымдастырушылық сұрақтарды пысықтау, сондай-ақ, мәдени-бұқаралық іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуін қамтамасыз ету.

    Осындай ауқымды шараны өткізу шағын және орта бизнестің дамуына және жаңа технологияларды меңгеруге айрықша серпін беретіні анық. Көрме елорданың инфрақұрылымы мен нысандарының құрылысына жеке инвестиция тартуға ықпал етеді. ЭКСПО-2017 ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық дамуға оң әсер ететін еліміздің туристік тартымдылығын көтеруге бағытталған имидждік жоба.

    ҚР Премьер-министрінің ресми сайты

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ АШЫҚТЫҒЫ: ПАЦИЕНТТІҢ БАҚЫЛАУ МҮМКІНДІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ

    17.11.2026

    ШЫМКЕНТТЕН ФРАНЦИЯҒА ЖОЛ АШЫЛАДЫ: ШЕНГЕН ВИЗАСЫН РӘСІМДЕУ ЕНДІ ЖЕҢІЛДЕЙДІ

    17.11.2026

    ӨНЕРКӘСІП ПЕН ЛОГИСТИКАҒА ЖАҢА СЕРПІН

    17.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.