Өзбекстан президентін сайлау 4 желтоқсанда өтеді, деп хабарлады ӨР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметінен.
«ӨР Конституциясының 96, 117 баптарына сай, сондай-ақ «Өзбекстан Республикасындағы сайлау туралы» ӨР заңының 8 бабына, «ӨР Орталық сайлау комиссиясы туралы» заңның 5 және 9 бабына сай 2016 жылғы 4 желтоқсан, жексенбі күнді Өзбекстан Республикасының президентін сайлау күні деп таңдау туралы шешім қабылданды», — делінген ОСК хабарында.
Осыған байланысты биылғы 9 қыркүйекті ОСК сайлау науқанының басталған күні деп жариялады. Сайлауға дайындықты және оны өткізуге қатысты барлық шараларды ОСК ашық және жариялы түрде құрылатын сайлау комиссияларымен, «Өзбекстан Республикасындағы сайлаулар туралы» заңға сай іске асырады.
Еске салсақ, 2 қыркүйекте Өзбекстанда президент Ислам Кәрімовтың инсульттен соң қайтыс болғанын жариялады. Республиканы 26 жыл басқарған тұғыш президенті өз отаны Самарқандта 3 қыркүйекте жерленді. Кейін Өзбекстан президенті міндетін уақытша атқарушы етіп премьер-министрі Шавкат Мирзиеев тағайындалды. Ш.Мирзиеев 2003 жылдан республика премьер-министрі қызметін атқарды. 2015 жылғы парламенттік сайлау қорытындысы бойынша ол қайтадан Өзбекстан үкіметінің басшысы лауазымына бекітілді.
Дереккөз: ҚазТаг.