• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Маусым 3, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қалық АБДУЛЛАЕВ, қоғам қайраткері, белгілі меценат: ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖҮРЕК ҚАЛАУЫМЕН ІСКЕ АСАДЫ

02.09.2016
0

-Қалық аға, Сіз еліміздің энергетикалық кешенін құруға атсалысқан азаматсыз. Сол кезеңдердегі қиындықтарды еске алып, Қазақстан энергетикасының қалыптасу кезеңінен, яғни тарихынан бірер сөз қозғасаңыз…

— Энергетика саласында 23 жыл қызмет еттім. Қатардағы инженерден министрдің бірінші орынбасарына дейінгі еңбек жолын жүріп өткен екенмін. Кеңес үкіметі кезінде Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарын электр энергиясымен, жылумен қамтамасыз ететін «Южхозэнерго» деген үлкен бірлестік болды. Онда 10 мыңға жуық адам жұмыс істейтін. Еңбек жолым осы мекемеден бастау алды. Білімім мен қажырлы еңбегімінің арқасында қарапайым жұмысшыдан басқарама басшылығына дейін көтерілдім. Сол жылдары елімізде энергетикалық ірі жобаларды іске асыру науқаны қызып жатқан болатын. Бізге қуаты 1 миллион 200 мың киловаттық Жамбыл электр стансасын құру міндеті жүктелді. Жоспарлы жұмыстың нәтижесінде электр стансасы іске қосылды. Сондағы өндірген электр қуатын тасымалдау үшін Ташкенттен Шымкентке дейін, Шымкенттен Жамбылға, Жамбылдан Алматыға дейін кернеуі 500 киловаттық электр желісін тарттық. Бұл электр желісі ел экономикасының дамуына үлкен серпін берді деп айта аламын. Сонымен қатар әлеуметтік мәселелердің шешілуіне де зор септігін тигізді.

1984 жылы энергетика министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалдым. Алдымызда үлкен мақсат-міндеттер тұрды. Соның ішінде ең маңыздысы – «Бүкілодақтық құрылыс» деп белгіленген «Екібастұзэнергетикалық кешенін» құру міндеті болатын. Бұл теңдесі жоқ жоба еді. Аса көп қиындықтарды бастан кешірдік. Ең әуелі, жұмыс күші жетіспеді. Білікті мамандар тапшылығы қолбайлау болды. Құрал-жабдықтарды Кеңес үкіметі осы кешенге арнап арнайы шығарды. Оның кемшіліктері де аз болған жоқ. Соған қарамастан бұл жобаны іске асырдық. Қазір осы кешен Қазақстан энергетикасының күретамырына, мақтанышына айналды.

-Тәуелсіздік алған жылдары ел экономикасының дамуына шетел инвесторларының қосқан үлесі зор болғаны белгілі. Бірақ инвестиция тартуда Қазақстанның тәжірибесі аз еді. Мұны мойындауымыз керек. Білуімізше, Сіз Қазақстанға инвестиция тарту жолындағы алғашқы жобалардың іске асуына ықпал еттіңіз, басы-қасында жүрдіңіз. Осы жөнінде бірер сыр тарқатсаңыз…

-Еліміз тәуелсіздік алған жылдары экономкалық ахуалымыз өте төмен болғаны жасырын емес. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу оңай міндет емес. Кеңес үкіметі кезінде жұмыс істеп тұрған өндіріс ошақтары мен зауыттардың арасында қарым-қатынастар үзіліп, барлық кәсіпорындар тоқтап қалды. Елде жаппай жұмыссыздық белең алды. Зейнетақы, жәрдемақы төленбеді, әлеуметтік мәселелер қордалана түсті. Осындай қиындықтарды еңсеру үшін ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тарихи шешімге барды. Яғни, мұнай мен газды, тағы да басқа қазба байлықтарымызды игеруге шетелдік инвестиция алып келеміз деген шешім қабылдады. Елбасы бұл межелі міндеттің іске асуын мұқият қадағалап отырды. Шетелдік ауқатты компаниялармен келіссөздер жүргізу үшін арнайы жұмысшы тобын құрды. Сол жұмысшы тобына ол кісі мені кіргізді. Кейін сол жұмысшы тобын басқардым. Келіссөздер өте күрделі жүрді. Нұрсұлтан Әбішұлы АҚШ президентімен, «Шеврон» компаниясының басшылығымен, АҚШ-тың барлық үлкен банкілерінің басшыларымен арнайы кездесіп, нәтижесінде арнайы шартқа қол қойылды. Кейін дүние жүзі бұл шартты «Ғасыр шарты» деп атады. Міне, сол шарттың арқасында елімізге үлкен инвестиция келді. Бұл шарттың біздің ел үшін екі пайдасы болды. Бірінші, нақты инвестиция келіп, мұнай саласы, кен орындары игеріле бастады. Екіншіден, шетелдіктердің біздің елге деген сенімі артты. Ал бүгінгі таңда, яғни, 2015 жылға дейін біздің елге 70 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылды. Бұл көрсеткіш жыл санап 5-6 пайызға өсіп отыр. Бұл деген өте жақсы көрсеткіш. Соның арқасында еліміз қуатты, жан-жақты дамыған мемлекеттердің қатарына қосылды.

-Шетелдік инвесторларды қызықтырып, инвестиция тартудағы әлемдік алғышарттардың бірі – халықаралық көрме ұйымдастыру. Бүгінде өзіңіз басшылық етіп отырған «Атакент» акционерлік қоғамының көрме ұйымдастырудағы және ел экономикасын дамытуға қосып отырған үлес-салмағы қаншалықты?

-«Шеврон» компаниясымен келіссөз жүргізіп жатқан кезде көп мемлекеттерді аралап көрдік. Сондағы біздің байқағанымыз — олардағы көрменің нарық экономикасына бейімділігі. Кеңестік кезеңдегі көрмелер 5-6 жыл бойы өзінің экспонаттарын ауыстырмайтын. Мәселен, алма болса, сол алма шірігенше көрмеде тұратын. Ал, шетелде әрбір көрме әрі кеткенде 3-4 күн жұмыс істеп, басқа көрмеге ауысып отырады. Осы жайттарды ескеріп, біз шетелдік тәжірибені жинақтап, елімізде іске асыруға кірістік. Елбасы үлкен қолдау білдірді. Үзбей ізденістің арқасында біз бүгінге дейін 20 мың шаршы метр аумағы бар 10 павильон салдық. «Атакент» АҚ қарасты көрме алаңдарында жылына 40-50 халықаралық деңгейдегі көрмелерді өткіземіз. Соңғы 20 жылдың ішінде 10 мыңнан астам халықаралық жәрмеңке ұйымдастырдық. Оған 1,5 млн қатысушы келді. Солардың көпшілігі біріккен кәсіпорындар құруға ұмтылады. Бүгінгі таңда елімізде 35 мың біріккен кәсіпорын бар. Қазақстанға да керегі осы. «Атакент» АҚ өзінің жұмысын жүйелі түрде атқарып келеді. Шығыс Еуропа бойынша ТМД елдерінде көрме ұйымдастыруда екінші, үшінші орында келе жатырмыз.

-«Дағдарыс» деген сөз сөздік қорымызға еніп кетті. Қай жерге барсаң да дағдарыс деп дабыра қағып жатады. Қаржылық қиындықтардың салдары мен зардаптары компанияларыңыздың жұмысына да кері әсерін тигізді ме?

-Дағдарыс бұл – бүкіләлемдік құбылыс. Әр мемлекет дағдарыста әртүрлі жағдайда шығады. Біздің мемлекет дағдарыстан абдырап қалмайды деп ойлаймын. Себебі, бізде нақты жоспар бар. Елбасы көрсеткен «Нұрлы жол» бағдарламасы «Ұлт Жоспары» тағы осы секілді түрлі жобалар бар. Біз енді осы жоспарлардың негізінде жұмыс атқаруымыз қажет. Дағдарыс деп дабыра салып, жігерімізді құм етуге болмайды. Біз де ел қатарлы қиыншылықтарға тап болдық. Біз де ел қатарлы сеземіз дағдарысты. Тек алға жылжи беруіміз қажет.

-Елімізде меценаттар аз емес. Солардың бірі өзіңізсіз. Өзіңіз құрған «Ақниет» қайырымдылық қорының жұмысы жөнінде де әңгіме ете отырсаңыз…

-«Ақниет» қайырымдылық қоры 2003 жылы құрылды. Қор жұмысын бастамас бұрын мен 5 бағытты белгілеп алдым. Біріншісі, мұқтаж отбасыдан шыққан жастарды жоғарғы оқу орнына түсіріп, мамандық алып беру болатын. Қор бүгінге дейін, алпысқа жуық жетім және жартылай жетім балалардың жоғары білім алуына мүмкіндік жасады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қор тарапынан 20 млн теңгеден астам қаржы жұмсалыпты. Бұдан бөлек, «Ақниет» қоры мүмкіндігі шектеулі жандар мен қамқорлықсыз әрі қараусыз қалған соғыс және тыл ардагерлеріне, мәдени, спорттық іс-шараларға үздіксіз қаржылай қолдау білдіріп келеді.

-Қор қаржысына білім алатын жастарды таңдау, іріктеу қалай жүзеге асырылады? Нендей талаптарыңыз бар?

-Оқытатын балаларды өзім таңдаған болсам, өсектің, әңгіменің арасында қалған болар едім. Сол үшін оларды таңдауды сол ауданның әкімшілігіне тапсырамын. Біздің қоятын талабымыз-үшеу ғана. Оқитын бала мұқтаж отбасыдан болуы керек, екінші, оның білімі жақсы болуы тиіс. Үшінші, талапкердің мақсат-армандары асқақ, «Кім боламын?» деген сұраққа жауабы болуы қажет. Бір қуанатын нәрсе, біздің қордың қаржысына білім алған қыз-жігіттер маман атанып, жұмысқа орналасып, отбасын құрып, үлкен жетістіктерге қол жеткізіп жатыр. Бұл мен үшін үлкен қуаныш.

-Сіздің ойыңызша, қайрымдылық жүрек құзыретіндегі дүние ме, әлде материалдық мүмкіндіктің пәрменіндегі дүние ме?

-Қайырымдылық жасау үшін адамда екі нәрсе болуы керек. Бірінші, сіздің жүрегіңізде қайырымдылққа деген жақсы ұғым, сезім болуы керек. Екінші, қаражатыңыз болуы тиіс. Маған қайырымды жүрек пен сол қайырымдылықты жасауға қажетті қаражат бергеніне Аллаға шүкірлік айтамын. Менен он есе, жиырма есе артық дүниесі бар кәсіпкерлерді білемін. Бірақ, оларға «Неге қайырымдылық жасамайсың?» деп айта алмаймын. Мүмкін олардың жүрегіне ешкім әлі жол таба алмаған шығар?! Қайырымдылық жасау – әр азаматтың жеке шаруасы. Біреуді сынауға болмайды. Жасап жатқан шаруаларымызды көрген кәсіпкерлер біздерден үлгі, өнеге алып жатса, осының өзі жаман емес.

-Сұхбатыңызға рахмет, жұмыстарыңызға табыс тілеймін!

Сұхбаттасқан Ақжол ҚАРАСПАН.

«Түркістан» халықаралық газеті, №7

01.09.2016 ж.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
23.05.2025
0

Түркістан қаласының нышанын (герб) әзірлеуге конкурс жарияланған болатын. Өтінім қабылдауға санаулы күн қалды, 3-маусымға дейін. Үздіктері қаржылай марапатталатын болады. Атсалысуға...

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Айғақ медиа
11.04.2025
0

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫ ӨНДІРІСІ 26%-ҒА АРТТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.