Бүгін, яғни 15 қаңтар күні Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, фармацевтика ғылымдарының кандидаты, доцент, белгілі кәсіпкер, облыстық іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі Төреайым Жолдыбайқызы Сұлтанова туылған. Өмір жолында еңбексүйгіштік, бауырмал, қоғамдық белсенділікпен ерекшеленіп, нағыз азаматтық қасиеттерге ие аяулы жан терең білім, берік ұстаным, іскерлік қабілет және үлкен азаматтық парасат биігінен өз орнын қалыптастырған халық қалаулысы. Бір басында тектілікті, ірілік пен іскерлікті асқақтатар сан қасиеттер тоғысқан, сонысымен де есімі жақсылар мен жайсаңдардың қатарында аталып жүр. Алысқа да, ағайынға да, халқына да жібек мінез, ықыласты мейіріммен танылған Төреайым Жолдыбайқызының қоғам игілігіне бағыттап отырған ерен еңбектері еліміздің нығаюында өзіндік үлес салмағы басым.
Қадірлі Төреайым Жолдыбайқызы! Туылған күніңіз құтты болсын! Шығар шыңдарыңыз, бағындырар биіктеріңіз, алар асуларыңыз көп болсын! Әрқашан Алланың назарында, бақыттың базарында жүре беріңіз! Сізге сарқылмайтын денсаулық, таусылмайтын бақыт тілейміз!
Өмірдің әр қырынан іздеп арай,
Бақыт құсы самғасын Сізге қарай.
Өмірдің әр асуынан еркін асып,
Сәтті қадам басыңыз жүзге қарай!
Жаныңыз жаз, шуақ сепкен жүрегіңіз,
Бір әулеттің ұйтқысы бір өзіңіз.
Ақылшы боп, ана боп, пана болып,
Жүзге жеткін осы біздің тілегіміз.