Бүгін Шымкенттегі «Оңтүстік цирк» ғимаратында Қазақстан Республикасы Президентінің шыршатойы өтті. «Жібек жолының жаңа жылдық ертегісі» атты жаңа жылдық мерекеге облыстан 200 бала қатысты. Шыршатойда балалар Ұлы Жібек жолының картасы бейнеленген көрініс пен биылғы жылы өткен мерейлі мерекелер мен Президенттің өнегелі жолдары сипатталған бейнероликті тамашалады. Және ертегілер әлеміне саяхат жасап, Елбасымыз Н.Назарбаевтың жаңа жылдық құттықтауын LED экран арқылы тыңдады. Балғындардың қуанышымен бөлісе келген өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов балаларды мерекемен құттықтап, Президенттің атынан 200 балаға ноутбук табыстады.Сонымен қатар, «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» атты керемет кітаптар мен тәттілер сыйға тартылды. Мерекелік шыршатой өнерлі балалар дайындаған бағдарламасымен жалғасып, естелік суретке түсуі арқылы қорытындыланды. 2015 оңтүстікқазақстандық оқушылар халықаралық және республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауында, спорт пен өнер сайыстарында жүлделі орындардан көрінді.
Мәселен, облыс оқушылары жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада екі бағыт бойынша бірдей жүлделі ІІІ-орындар мен «Үздік олимпиадалық мектеп — 2015», «Үздік олимпиадалық команда — 2015» және «Ең үздік олимпиадалық команда-2015» атақтарын иеленді.
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ XI «АЙБЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ
Президент – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев XI халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу рәсіміне қатысты....