Кеше Бельгия Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мишель Петерманс ресми сапармен Оңтүстік Қазақстан облысына келді. Сапар барысында Елші мырза өңір басшысы Б.Атамқұловпен кездесіп, екіжақты қарым-қатынасты жақсарту мәселелерін талқылады. Басқосуда мәртебелі мейман бельгиялық компаниялардың сумен қамтамасыз ету жүйелерін, суды тазарту, қоқыстарды кәдеге жарату және мелиорация саласындағы тәжірибесін Оңтүстік Қазақстан облысында қолдануды ұсынды. Облыс әкімі аталған ұсыныстарға қызығушылық танытып, аймақтың туристік мүмкіндіктері мен оның даму әлеуетін әңгімеледі. Елші Мишель Петерманстың өңірге жасаған ресми сапары ертең де жалғасын табады. Ол Шымкенттегі индустриялды аймақ пен арнайы экономикалық аймақта орналасқан кәсіпорындардың қызметімен танысатын болады деп күтілуде.
ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ
Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...










