Елдің ертеңі қандай болмақ? Қазақстанды жаңғырту жолында қандай басымдықтарға мән берілуі керек? Бұл сауалдарға жауап іздейтін еңбектердің бірі – Мәулен Әшімбаевтың «Реформалар мәні: Қазақстанның болашақ тарихының жеті тарауы» атты кітабы. Шымкентте осы еңбектің таныстырылымы өтіп, Мемлекет басшысының реформалары мен олардың ел болашағына ықпалы талқыланды. Кітапта саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістер, мемлекеттік басқаруды жетілдіру мен ұлттық құндылықтарды нығайту мәселелері қамтылған. Автордың пайымынша, реформалардың негізгі мақсаты – мемлекет қызметін адам мүддесіне бағыттау. Кездесуде елдің технологиялық әлеуеті мен цифрлық даму мүмкіндіктері де сөз болды. Verify you are human Checking your browser before accessing this site. Click to verify → Then you will be…
Автор: Айғақ медиа
Кәсіпкер болу – тәуекелге бел буып, жауапкершілік арқалау. Ал бизнесті дамыту үшін қаржылай қолдаудың маңызы зор. Бүгінде кәсіпкерлерге қандай мүмкіндіктер ұсынылады? Жеңілдетілген несие кімдерге беріледі? Бұл туралы «Даму» қорының өкілі баспасөз брифингінде баяндады. Шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында «Даму» қоры бірнеше қолдау құралын ұсынады. Олардың қатарында жеңілдетілген несие, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және кепілдік беру бар. Бизнесті өркендетуге бағытталған бағдарламалардың бірі – «Іскер аймақ». Оның аясында кәсіпкерлерге несие пайызының бір бөлігін субсидиялау арқылы қолдау көрсетіледі. Қаржыландыру негізінен өңдеу өнеркәсібі мен экономиканың жекелеген салаларына бағытталған. Кейде кәсіпкердің бизнес-жоспары дайын болғанымен, несие алуға қажетті кепіл мүлкі жеткіліксіз болуы мүмкін. Мұндай жағдайда қордың…
Шаһардың дамуы тек жаңа ғимараттармен өлшенбейді. Тұрғындардың сапалы ауыз суға, үздіксіз электр қуатына, табиғи газ бен жылуға қолжетімділігі де маңызды. Шымкентте осы бағыттарда қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Алда қандай өзгерістер күтіп тұр? Бұл сауалдарға сала мамандары баспасөз брифингінде жауап берді. Тіршілік нәріне қолжетімділік тұрғындар үшін өзекті мәселенің бірі. Өткен жылы демеушілер есебінен 32 шақырым су құбыры тартылып, Текесу мен Айкөл елді мекендері орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылды. Нәтижесінде 11 мыңға жуық тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылды. Қазір қала аумағының кеңеюіне байланысты жаңа тұрғын алаптарды сумен жабдықтау жобалары әзірленіп, Оңтүстік тұрғын алабында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қала үлкейген сайын электр энергиясына деген…
Бұрын алыстағы ағайыннан келген хатты пошташыдан асыға күтетін едік. Бүгінде хаттың орнын хабарлама басқанымен, пошта қызметінің маңызы жойылған жоқ. Керісінше, сәлемдеме жеткізу мен электронды сауда дамыған заманда бұл саланың міндеті арта түсті. Қаладағы Энергетика және байланыс колледжінде дүниежүзілік пошта қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай арнайы іс-шара өтті. Колледжде пошта мамандарын даярлау ісі өткен ғасырдың екінші жартысында басталған. Содан бері бұл мамандықтың маңызы кеміген емес. Оқу орнының басшылығы пошта қызметін әлем бойынша сұранысқа ие салалардың бірі деп есептейді. Өйткені технология дамығанымен, халыққа қызмет көрсететін білікті мамандарға қажеттілік сақталып отыр. Іс-шараға салада ұзақ жыл еңбек еткен ардагер ұстаздар да қатысты. Олар өз тәжірибелерімен…
Қалада білім алмайтын, жұмыс істемейтін жастар жетерлік. Оқыған күннің өзінде өз мамандығын сүймейтіндер де бар. Мұндай азаматтар NEET деген шенді алған. Бүгінде Шымкентте осы санатқа жататын 6 мыңға жуық жас тіркелген. Бұл баланың ата-анаға деген масылдығы ма, әлде өмірде өз жолын таба алмауы ма? Нақтырақ бейне сюжетте. Жағдайға алаңдаған мамандар қаладағы 11 сынып оқушыларымен кездесіп, оларға білім алу мен еңбекке араласудың маңызын түсіндірді. Алайда еңбек нарығында өз орнын табу үшін ниет қана емес, нақты мақсат пен дұрыс таңдау да қажет. Осыны ескерген мамандар жастарға жоғары оқу орындарының өкілдерімен кездесуге мүмкіндік берді. Басты мақсат білім алуға ынталандырып, болашаққа бағыт көрсету. Кездесу…
Өнері өлмейтін, өнегесі ұрпаққа жалғасатын тұлғалар бар. Қазақтың ұлттық гобелен өнерінің негізін қалаушылардың бірі Батырбек Өтептің туғанына биыл 80 жыл. Осыған орай шебердің шығармашылығына арналған көрме ашылып, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Көрме алаңына жиналған өнер жанашырлары шебердің қолынан шыққан туындыларды тамашалады. Әр жұмыста ұлттық нақыш пен өзіндік қолтаңба айқын көрінеді. Бұл – суретшінің өнерге сіңірген еңбегін ғана емес, қазақтың дәстүрлі гобелен өнерін дамытуға қосқан үлесін де танытатын мұра. Батырбек Өтептің шығармашылық жолын жоғары бағалайтындардың бірі –шәкірті Қуандық Ералыұлы. Ол шебердің өнердегі орнын ерекше атап өтіп, оның еңбектері ұлттық мәдениет аясынан асып, әлемдік деңгейде танылуға лайық екенін жеткізді. Айтуынша, оның өнерге…
Шымкент қаласында денсаулық сақтау саласын дамыту, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, тұрғындардың өмір сүру ұзақтығын ұлғайту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша қалада бірқатар маңызды нәтижеге қол жеткізіліп, жоғары технологиялық медициналық көмектің мүмкіндіктері кеңейді. Атап айтқанда, өмір сүру ұзақтығы республикалық көрсеткіштен жоғарылап, бірқатар әлеуметтік маңызы бар аурулардан болатын өлім-жітім деңгейі төмендеді. Осы және басқа да өзекті мәселелер Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Арман Сәбитовтің төрағалығымен өткен денсаулық сақтау саласының 2026 жылғы тоғыз айдағы жұмыс қорытындысына арналған алқа отырысында талқыланды. Жиында медициналық қызмет көрсету сапасы, дәрілік заттардың айналымын бақылау, санитариялық-эпидемиологиялық ахуал, иммунопрофилактика және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қызметінің…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің туристік әлеуетін тиімді пайдалану, өңірлердің тартымдылығын арттыру және ішкі туризмді дамыту мәселелеріне айрықша мән беріп келеді. Бұл бағытта туристерге қолайлы жағдай қалыптастырып, әр қаланың өзіндік ерекшелігін танытатын мәдени-көпшілік іс-шараларды көбейтудің маңызы зор. Осы тұрғыдан алғанда, Шымкентте мерекелік күндері ұйымдастырылатын ауқымды фестивальдер шаһардың туристік мүмкіндіктерін кеңінен насихаттауға жол ашады. Биыл Республика күні мерекесінде Шымкент аспаны мың батпырауыққа толып, қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл күй сыйлады. 25 қазанда Shymkent City Park саябағында өткен батпырауықтар фестивалі отбасылық демалысты мазмұнды ұйымдастырумен қатар, қаланың оқиғалық туризм бағытындағы әлеуетін көрсетуге мүмкіндік берді. Іс-шараны «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырды. Фестивальдің…
Мемлекет басшысы жүктеген әлеуметтік міндеттер аясында балаларды қолдау шаралары жалғасуда. Шымкент қаласында 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға бір реттік әлеуметтік көмек көрсету жоспарланып отыр. Жоспарға сәйкес, бірінші санаттағы балаларға 5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), ал ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 20 АЕК мөлшерінде төлем беріледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету, халықтың әл-ауқатын арттыру және балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелеріне айрықша мән беріп келеді. Президент айқындаған әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – азаматтарды қолдау шараларының атаулы әрі тиімді жүзеге асуын қамтамасыз ету. Осы тұрғыдан алғанда, балаларға әлеуметтік көмек көрсету олардың…
Мемлекет басшысының инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі тапсырмалары аясында қала шетелдік компаниялармен ынтымақтастықты кеңейтуде Қазақстанның жаһандық инвестициялық дөңгелек үстелі (KGIR-2026) аясында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков бірқатар халықаралық компаниялар мен Еуропалық қайта құру және даму банкінің өкілдерімен келіссөздер жүргізді. Кездесулерде қала экономикасына шетелдік капитал тарту, жаңа өндіріс орындарын ашу, жаңартылатын энергия көздерін дамыту және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев инвестиция тарту, өңдеу өнеркәсібін дамыту және экономиканы әртараптандыру бағыттарына айрықша мән беріп келеді. Президент тапсырмалары аясында инвестициялық жобаларды қолдау, кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау және жаңа өндірістерді іске қосу ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды тетігі саналады. Бұл міндеттер…

