• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қараша 6, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Мұқағалидың 90 жылдығына арналған «Мұздама, жылы жүрегім» атты әдеби-сазды кеші өтті

10.02.2021
0

    Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен кәусар сезім мен тояттамас көңіл, буырқанған шабыт пен сағыныш сыйлаған мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Мұздама, жылы жүрегім» атты әдеби-сазды кеш өтті.

   Ақиық ақынның туған күніне орай өткен шарада жастар Мұқағали жырынан шашу шашып, лирикалық әндерін тарту етті.     Бұдан бөлек сыршыл поэзиясымен мәңгі есте қалатын ақынның өлеңдерін жатқа оқып, облысымыздың атын республика көлемінде танытып жүрген жас ақындар Мұқағалиға арналған арнау өлеңдерін айтты.

Р.Сейтметов атындағы сазды-драма театрының актері Талғат Қарынбаевтың режиссерлігімен сахналанған қойылым көпшілік көңілінен шықты. Қойылымның музыкалық көркемдеушісі, ән өңдеуші – Қанат Жұмабаев. Поэтикалық қойылымнан шығармашылық топтың көп еңбектенгенін бірден аңғаруға болады.

   Мұқағалидың жастық шағынан бастап, Петербургке оқуға түскен шағындағы анасына деген сағынышы мен сүйіспеншілігі көріністің ерекше тебіреніске толы тұсы болды. Ақынның сүйген жары Лашынға деген ынтызар сезімі мен ыстық ықыласын да актерлер жоғары деңгейде алып шықты. Мұзбалақ ақынға ең қымбат жан қызы Майгүлдің қазасы орны толмас өкініш әкелді. Қойылымда ақынның осы кезеңдердегі сезімі туралы да көрсетіледі. «Мен өлемін қырықтың бесеуінде» деп ақынның өзі айтқандай, туынды Мұқағали өмірінің соңғы кезеңдерімен қорытындыланды.

Кешке арнайы қатысқан композитор,ғалым,журналист Бекжігіт Сердәлі, айтыскер ақын,Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Бекарыс Шойбеков, облыстық Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Дәурен Сариев ұйымдастырушылар мен қатысушыларға айрықша алғысын білдірді.

    «Мұқағали ақынның шығармашылығы-қазіргі қазақ қоғамында, әсіресе кейінгі буын жастардың арасында үлкен танымалдылыққа ие. Соның айқын дәлелі-бүгінгі әдеби кеш. Осындай мәнді, мағыналы кештер арқылы ақын шығармашылығының одан әрі насихатталып, өміршең боларына кәміл сенемін», деген Дәурен Сариев ақынның тойы жалғасын табатындығын жеткізді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

34 КЕЛІЛІК АЛЫП ХОТ-ДОГ

34 КЕЛІЛІК АЛЫП ХОТ-ДОГ

Айғақ медиа
05.11.2026
0

Шымкентте ерекше рекорд тіркелді. Мегаполисте өткен дәмді фестиваль аясында аспаздар салмағы 34 келіден асатын алып хот-дог әзірледі. Оған кинэс өкілдері...

ҚОРЖЫНҒА ҚОЛА ЖҮЛДЕ ТҮСТІ

ҚОРЖЫНҒА ҚОЛА ЖҮЛДЕ ТҮСТІ

Айғақ медиа
05.11.2026
0

Спорт қоржыны тағы бір жүлдемен толықты. Халықаралық додада бақ сынаған отандасымыз тартысты бәсекеде қола медальға ие болды. Байрақты бәсекеде ел...

ӨНДІРІС ЭКОНОМИКАСЫ ӨРКЕНДЕДІ

ӨНДІРІС ЭКОНОМИКАСЫ ӨРКЕНДЕДІ

Айғақ медиа
05.11.2026
0

Қазіргі таңда отандық өндірісті өркендету — мемлекетіміздің басты бағыттарының бірі. Өйткені қуатты өндіріс — тұрақты экономиканың кепілі. Бұл бағытта үшінші...

36 ЖАСЫНДА 10 БАЛАНЫҢ АНАСЫ АТАНДЫ

36 ЖАСЫНДА 10 БАЛАНЫҢ АНАСЫ АТАНДЫ

Айғақ медиа
05.11.2026
0

Шымкенттік тұрғын 36 жасында 10 баланың анасы атанды. Бұған дейін екі жүктілігінде егіз босанған көпбалалы ана бұл жолы үшемді дүниеге...

БАТЫР ЕСІМІН ҰЛЫҚТАҒАН БӘСЕКЕ

Айғақ медиа
05.11.2026
0

Шымкенттік оқушылар республикалық чемпионаттан олжалы оралды. Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының ерлігіне тағзым еткен бәсекеде өңірден қатысқан командалар унифайт спорт...

100 КӨШЕТПЕН ТҮЛЕГЕН МЕКТЕП АУЛАСЫ

100 КӨШЕТПЕН ТҮЛЕГЕН МЕКТЕП АУЛАСЫ

Айғақ медиа
05.11.2026
0

№150 жалпы білім беретін мектепте «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында акцияның шымылдығы салтанатты түрде ашылды. Экология, өлкетану және туризм орталығының...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.