Қазақстанда астықтың рекордты көлемі жиналды

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Қазақстан Үкіметінің селекторлық режимдегі кезекті отырысында биылғы астық өнімінің қорытындысы талқыланды.
 Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғановтың мәліметі бойынша, астық қабылдау бекеттеріне 4,6 млн тонна астық жеткізілген. Оның ішінде 3,8 млн тоннасы – бидай. 14,5%-ға дейінгі дымқыл бидайдың үлесі жалпы көлемде 57,4%-ы құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 24,2%-ға артық.   Астық жинау жұмыстарын жүргізу үшін өңірлер дер кезінде арзандатылған дизель отынының қажетті мөлшерімен қамтамасыз етілді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерден астық кептіру үшін қосымша 74 мың тонна дизель отынын бөлу туралы өтінімдер түсті. Үкімет бұл мәселені дер кезінде шешті.
Сонымен қатар, электронды астық қолхаттар айналысына күнделікті мониторинг жүргізіледі. Оның саны бүгінде 2,8 млн тонна жалпы көлемге 17 мыңнан астамға жетті. Электронды астық қолхаттарының ең көп саны негізгі астықты аймақтарда шығарылды: Ақмола облысында  – 7,8 мың, Қостанай облысында – 4,8 мың, СҚО-да – 3,7 мың.

Жемшөп дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде 23,6 млн тонна ірі азық және 1,2 млн тонна балауса жемшөп дайындалды, бұл сәйкесінше өткен жылғы деңгейден 17% және 69%-ға артық. 2017 жылғы егін үшін 2 млн тоннадан астам тұқым немесе қажеттіліктің 98% себілді. ОҚО, ШҚО, СҚО, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда облыстарында тұқым себу жоспарлары орындалды.

Мәлімдеме соңында биылғы жыл, яғни Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы еліміздің ауыл шаруашылығы үшін айтарлықтай табысты аяқталғаны аталып өтті. Мемлекет басшысының қолдауының арқасында және агробизнес үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған мемлекет саясатының нәтижесінде астықтың рекордты көлемі жиналды.

ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты

Ұқсас жазбалар

ШЫМКЕНТ – ИНВЕСТИЦИЯ МЕН ИНДУСТРИЯНЫҢ ЖАҢА ӨСУ НҮКТЕСІ

МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ САПАСЫ АРТЫП, ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЕМДЕУ ӘДІСТЕРІ ЕНГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласында денсаулық сақтау саласын дамыту, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, тұрғындардың өмір сүру ұзақтығын ұлғайту бағытында жүйелі жұмыстар...

ШЫМКЕНТ – ИНВЕСТИЦИЯ МЕН ИНДУСТРИЯНЫҢ ЖАҢА ӨСУ НҮКТЕСІ

ЖАҢА ӨНДІРІС, ЖАСЫЛ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘРІПТЕСТІК

Мемлекет басшысының инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі тапсырмалары аясында қала шетелдік компаниялармен ынтымақтастықты кеңейтуде Қазақстанның жаһандық инвестициялық дөңгелек үстелі (KGIR-2026) аясында...