Түркістан облысының «Құрметті азаматы», халықтың қалаулысы болып, елдің дамуы мен өркендеуіне үлес қосқан ел ағасы Шәріпбек Жамалбек енді Түркістан облыстық қоғамдық кеңес төрағасы қызметін атқаратын болды.
Кеңестің кезекті отырысында бұған дейін төраға болған Өмірзақ Мелдехановқа құрмет көрсетіліп, қоғамдағы өзекті мәселелердің шешілуіне қосқан еңбегі үшін алғыс білдірілді.