Бүгін ҚР — ның Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев пен ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков Оңтүстік Қазақстан облысына келіп, облыстың актив жиналысына қатысты. 36 облыстық мәслихат депутаты қатысқан кезектен тыс сессияда Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі лауазымына Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Ж.Түймебаевтың кандидатурасы ұсынылды. Халық қалаулылары аталған кандидатты бірауыздан қолдады.Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы 1958 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Қайнар ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетін тәмәмдаған. Филология ғылымдарының кандидаты, профессор.
Еңбек жолын Қазақ мемлекеттік университетінде бастаған. Сыртқы істер министрлігінде, Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінде, Президенттің Протоколы қызметінде жауапты қызметтер атқарған. Түркия Республикасының Ыстамбұл қаласындағы Қазақстан Республикасының бас консулы, Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бастығы, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі-Протоколының бастығы. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрі қызметтерін атқарған.
Бұл тағайындауға дейін ҚР-ның Түркия Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі болды.