Республикалық хореографиялық «Ақ шағала» фестивалі өз мәресіне жетті. Аталған би байқауы еліміздің мәдениет саласындағы айтулы шаралардың бірі болып есептеледі. Фестивалді өткізудегі негізгі мақсат – оқушылардың хореографиялық дамуына үлес қосу, шығармашылық мүмкіндіктерін шыңдау және балалардың бойына мәдени құндылықтарды сіңіру болып табылады. Би конкурсына еліміздегі аймақтардан 153 оқушы қатысып, бақтарын сынаған. Түркістан облысының намысын Жетісай ауданы, Т.Рысқұлов № 20 жалпы-орта мектебінің «Шаттық» би ұжымы қорғады. Байқауда «Шаттық» би тобы «Кесе», «Кадриль» билерін сахналап, жүлделі I орынға ие болып отыр. Би ұжымының жетекшісі Кенжехан Сапархалұлының айтуынша бұл олардың алғаш қатысып отырған байқауы емес. Ұжым бұрын түрлі байқауға қатысып, жүлделі орындар алып үлгерген.
ҮЗДІК ОТБАСЫ АНЫҚТАЛДЫ
Шымкентте өнегесімен көпке үлгі болған жанұялар марапатталды. «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауына қатысқан 12 әулеттің ішінен үздігі анықталып, жеңімпаз...










