• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қыркүйек 17, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Қазақстан мен Өзбекстан арасында кейінгі уақытта туындаған су мәселесі шешімін тапты

02.07.2020
0

Түркістан облысы әкімдігінің делегациясы Өзбекстанға барып, трансшекаралық су нысандарын басқару, қолдану және қорғау бойынша күрделі мәселені талқылау бойынша жиынға қатысты.

Жиын барысында экология, геология және табиғи ресурстар министрі М Мырзағалиев және Өзбекстан су шаруашылығы министрі Ш.Хамраев екі ел арасындағы су қатынастары саласында ынтымақтастық мәселесі бойынша Жол картасына қол қойды.
«Түркістан облысы вегетация уақытында, яғни ауыл шаруашылығы дақылдарын суару кезінде суға өте зәру. Биылдың өзінде Сырдария өзені бойында жағдай күрделене түскен. Су тапшы. Сондықтан бүгін Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев және Түркістан облысы әкімдігінің делегациясы Ташкентке келіп, келіссөздер жүргізіп жатыр. Өте жақсы келіссөздер жүргізілді. Нәтижелі болды», деді облыс басшысы Ө.Шөкеев.
Қазақстан тарапының делегациясы бұл сапарда бірқатар мәселені шешуді көздеп отыр.
Біріншіден, су ресурстарын бөлу жөніндегі Жол картасына қол қойылды. Бұл Жол картасында қазіргі жағдаймен бірге, келешекте де күрмеуі қиын мәселелерді қалай шешуге болатын жақтары көрсетілген. Шешімін тапқан екінші мәселе де өте маңызды. Шілде айында «Достық» халықаралық каналы арқылы Түркістан облысына үздіксіз су берілу жолы шешілді. Бүгіннен бастап бүкіл шілде айы бойы «Достық» каналынан облыс аумағына секундына 80 текше метр су келмек. Бұған Өзбекстан тарапы өз кепілін беріп отыр. Бұл өте жақсы нәтиже. Ал, тамыз айында бұл көрсеткіш 70 текше метр болады. «Оңтүстік өңірде 500 мың халық тұрады. Бұл солардың көкейінде жүрген сұрақ еді. Енді осы мәселе шешіліп отыр.
Судан басқа, біз тағы екі бағытта жұмыс бастадық. Біріншіден, Кентау мен Түркістан қалаларында үлкен текстиль фабрикасын саламыз. Әйелдерге 1 мың жұмыс орнын қамтамасыз ететін екі фабрика жұмыс істейтін болады. Үшінші бағыт – ол Түркістан төңірегінде Өзбекстан тәжірибесімен шөлді жерлерде, құмды жерлерде, тұзды жерлерде сексеуіл, жыңғыл отырғызу және Наманганның тәжірибесімен жеміс-жидек өсіретін алқаптар ұйымдастыру. Бұл да бізге өте қызық тәжірибе. Сондықтан біздің облыстан үш топ келіп, жұмыс істеп жатыр. Аталған топтар Наманганға, Қарақалпақстанға барады. Біз бұл тәжірибелерді өзімізге ендіруге мүдделіміз.
Бұл келіссөздер қос мемлекет басшыларының бақылауында. Сондықтан екі елдің Президентіне рақметімізді айтамыз», деді облыс басшысы.

Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ — ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

ЖҮРЕК ОРТАЛЫҒЫНА — 25 ЖЫЛ

Айғақ медиа
16.09.2025
0

Шымкент жүрек орталығына – 25 жыл. Атаулы күнге орай орталықтың өз базасында ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының Перспективті кардиологиялық...

ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ — ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ — ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

Айғақ медиа
16.09.2025
0

Шымкент қаласында №145 мектепте «Егемен ел – жарқын болашақ» тақырыбында «Прокурор сағаты» өтті. Шарада оқушыларға қылмыстың қауіптілігі, қылмыстық жауапкершілік пен...

27 МЫҢ БҮЛДІРШІН МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАДЫ

ШЫМКЕНТ БАРЫСЫ АНЫҚТАЛДЫ.

Айғақ медиа
16.09.2025
0

Шымкентте қазақ күресінің байрағы тағы да биікке көтерілді. Аса ауыр салмақтағы балуандар арасында дәстүрлі, 13-рет ұйымдастырылып жатқан «Шымкент барысы» турнирі...

27 МЫҢ БҮЛДІРШІН МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАДЫ

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ

Айғақ медиа
16.09.2025
0

Шымкентте Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы бойынша жиын...

27 МЫҢ БҮЛДІРШІН МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАДЫ

КАРАТЭШІЛЕР ЕЛ НАМЫСЫН АСҚАҚТАТТЫ

Айғақ медиа
16.09.2025
0

Қытайдың Шаогуань қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында шымкенттік спортшылар шеберлігін дәлелдеді. Байрақты бәсекеде олар ел намысын асқақтатып, 1 алтын...

27 МЫҢ БҮЛДІРШІН МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАДЫ

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ КҮНІ

Айғақ медиа
16.09.2025
0

9 қыркүйек — Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ күні. Осыған орай Шымкентте ұлттық ойынға арналған спорттық  дода өтті. Бұл бәсекеге спорт басқармасына қарасты...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.