Бейсенбіде өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов облысымызға іскерлік сапармен келген израильдік «YR-Mitrelli Group» компаниясының өкілдерімен кездесті. Басқосуда облыстағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Атап айтқанда, тараптардың өзара жиынында, АӨК және энергетика салаларына инновациялық технологияларды енгізу, «Сасықкөл» қоймасын тазалау және хауызын жаңарту мәселелері қаралды.
Айта кетейік, 20 жылдан астам уақыттан бері «YR-Mitrelli Group» компаниясы денсаулық сақтау, сумен қамтамасыз ету, энергетика, білім беру, тұрғын-үй құрылысы, ауыл шаруашылығы, ІТ және телеком жобаларын тұрақты қамтамасыз ету жүйесі саласында әлемнің түрлі мемлекеттерінде жұмыс жасап келеді.
КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА
Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...










