Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігі
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМАЛАР
17 наурыз 2015 жыл
Қазақстанның қаржы жүйесіндегі жағдай тұрақты — М. Әбілқасымова
Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың тапсырмаларын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың 13 наурызында жедел штаб отырысында төтенше жағдай режимінің әсерін жеңілдету үшін, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп қаржы жүйесінің тұрақтылығын және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін әзірледі. Бұл туралы бүгін Агенттік Төрағасы Мәдина Әбілқасымова ҚР Үкіметі отырысында «төтенше жағдайдың енгізілуіне және әлемдік қаржы нарықтарындағы жағдайдың өзгеруіне байланысты макропруденциалдық реттеудің уақытша шаралары» туралы тақырыбында баяндама жасады.
Бірінші шара қаржы жүйесінің тұрақтылығына бағытталған.
«Қазіргі уақытта Қазақстанның қаржы жүйесіндегі жағдай тұрақты. Шоғырландырылған деңгейде екінші деңгейдегі банктердің үздіксіз қызметті қамтамасыз ету және банк қызметтерінің толық тізбесін көрсету үшін меншікті капиталы мен өтімділігінің айтарлықтай қоры бар. Банк салымшылары үшін тәуекелдер жоқ. Активтердің сапасын тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша реттеуші минимумға қатысты k1 капитал жеткіліктілігінің артуы түзетулерді ескере отырып, 70% — ды құрайды. Агенттік тауар және қаржы нарықтарында банктердің тұрақтылығын анықтау үшін банк жүйесін жүйелі деңгейде және банктер бойынша жеке стресс-тестілеу бойынша потециалды шоктарға жұмыс жүргізуде», — деп хабарлады қаржы басшысы.
Ағымдағы жылдың 30 наурызына дейін активтердің сапасын тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша банктердің түзету іс- қимылдарының жоспарлары қабылданатын болады. Сонымен қатар, өзгерген экономикалық шарттарды назарға ала отырып, банктер үшін 2020 жылдың 1 қазанына дейін провизияларды есептеу бойынша тәсілдерді қатайтатын бірқатар реттеуші шараларды енгізу кейінге қалдырылады, -деді М. Әбілқасымова.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі 2020 жылдың 01 сәуірінен- 01 қазанына дейін қазақстандық бизнеске кредит беру деңгейін төмендетуге жол бермеу бойынша шаралар қабылдайды.
«Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 1 қазанына дейін қазақстандық бизнеске кредит беру деңгейін төмендетуге жол бермеуге бағытталған пруденциялық реттеудің уақытша шаралары қабылданады. Аталған реттеу шаралары контрциклдік сипатқа ие және капитал мен банктердің өтімділігін төмендетуге бағытталған», — деп атап өтті Агенттік басшысы.
Бұл үшін Агенттік бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары, мемлекеттік және жеке меншік әріптестік шеңберінде жобаларды қаржыландыру кезінде кепілдіктердің тізбесін кеңейтеді және ШОБ кредиттері, МЖӘ және синдикатталған кредиттер бойынша төмендетілген тәуекел-өлшеуді енгізеді. Қосымша, төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қарыз бойынша төлемді кейінге қалдыру реттеуші талаптар бойынша құнсыздануды және провизияларды талап етпейді.
«Өтімділікті сақтау және банктерде тұрақты қорларды қолдау үшін жоғары өтімді деп танылған активтердің тізбесі кеңейтіледі. Сонымен қатар, банктердің валюталық тәуекелдерін төмендету үшін ұзақ валюталық позиция лимиті және нетто-валюталық позиция лимиті төмендетіледі, — деді М. Әбілқасымова. Қор және сақтандыру нарықтарының субъектілері үшін тәуекелді өлшеу коэффициенттері де төмендетілетін болады. НҚА-ға тиісті түзетулер дайындалды және ағымдағы жылдың 30 наурызынан бастап қолданысқа енгізіледі. 2020 жылдың 16 наурызынан бастап Агенттік банктерге халықтың теңгедегі депозиттері мен қолданыстағы жинақ депозиттері бойынша жаңадан тартылатын мөлшерлемелерді ҚМКҚ-ның ұсынған ставкаларының өзгеруіне барабар арттыруды ұсынады».
Қазақстанда жеке тұлғалардың тұтынушылық қарыздары бойынша 90 күннен астам мерзім өткен кезде сыйақы есептеуге тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының Президенті К. К. Тоқаевтың ағымдағы жылдың 24 қаңтарында Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген кепілсіз тұтынушылық несиелеудің шамадан тыс өсуіне жол бермеу жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде төтенше жағдай кезеңінде және одан әрі заңнамалық деңгейде жеке тұлғалардың кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша 90 күннен астам мерзімін өткізіп алған кезде сыйақы есептеуге тыйым салынады.
«Жеке тұлғалардың кредиттік тарихын қалпына келтіру үшін қарыз алушы 12 ай ішінде мерзімі өткен берешектің 50%-дан астамын өтеген және кейіннен міндеттемелерді орындаған жағдайда теріс кредиттік тарихты түзету мүмкіндігі қарастырылады», — деді М. Әбілқасымова.
Қаржы басшысы коронавирусқа байланысты бизнеске және халыққа қарыз жүктемесінің өсуін төмендету шаралары туралы айтты.
Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында 2020 жылғы 16 наурызы мен 15 сәуір аралығындағы кезеңде төтенше жағдайдың енгізілуіне және экономиканың белгілі бір салаларына қатысты шектеу шараларын қолдануға байланысты халықтың, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қаржылық жағдайының нашарлауына жол бермеу жөнінде қосымша шаралар қажет етеді. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметі отырысында агенттік төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді.
Агенттік Екінші деңгейдегі банктермен және кредиттік нарықтың басқа да субъектілерімен, сондай-ақ «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ-мен бірлесіп мынадай шаралар қабылдауды ұсынады.
«Біріншіден, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 359- бабына сәйкес несие бойынша міндеттемені орындамаған қарыз алушы еңсерілмейтін күш жағдайлары , яғни дүлей құбылыстар, әскери іс- қимылдар және т.б . сияқты төтенше және еңсерілмейтін мән-жайлар болған кезде мүліктік жауапкершілікте болмайды», — деп хабарлады қаржы басшысы.
«Осыған байланысты қарыздар мен микрокредиттер бойынша төтенше жағдайды енгізу себебінен туындайтын жеке және заңды тұлғалардың қарыздары және (немесе) микрокредиттері бойынша төлемдерді кешіктірген кезде айыппұлдар және (немесе) өсімпұлдар ( тұрақсыздық айыбы) есептелмеуге тиіс . Бұл норма жеке және заңды тұлғаларға банктер ғана емес, сонымен қатар ломбардтар мен кредиттік серіктестіктерді қоса алғанда, барлық әлемдік қаржы ұйымдары, сондай-ақ қарыз беретін өзге де кредиторларға қолданылатын болады.
Екіншіден,»Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34- бабының 3-тармағына және «микроқаржы қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3- бабының 6- тармағына сәйкес кредиторлар қарыз алушы үшін жақсартылған жағдайда қарыз шартының талаптарын біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы.
«Осыған байланысты банктер мен микроқаржы ұйымдары төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қаржылық жағдайы нашарлаған жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес субъектілеріне 90 күнге дейінгі мерзімге негізгі қарыз бен сыйақыны қоса алғанда , төлемдерді кейінге қалдыру бойынша жұмыстарды жүргізу қажет», — деп түйіндеді М. Әбілқасымова.
Банктер және кредиттік нарықтың басқа да субъектілері көрсетілген шараларды іске асыру үшін қарыз алушылармен өзара іс-қимыл жасау тәртібі мен тетіктерін, халық пен бизнестің ыңғайлылығы үшін қашықтықтан айқындайтын болады.
Агенттік Қаржы нарығындағы ахуалдың күшейтілген мониторингін жалғастырады және аталған шаралардың іске асырылуын бақылауды қамтамасыз етеді.
Толығырақ ақпаратты төменде көрсетілген телефон арқылы алуға болады:
+7 (727) 2788 121
e-mail: Fingramota@finreg.kz
www.finreg.kz