ҚХР мен шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мәселен, 2020 жылғы 6 қаңтардан 17 ақпанға дейін елімізге 31 375 адам келді.
6 қаңтар — 17 ақпан аралығында Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің санитариялық-карантиндік пункттерінің мамандары халықаралық әуежайларда және теміржол вокзалдарында Қытаймен шекаралас мемлекеттер арқылы өткізу пункттерінде – 31 363 адамды қарап-тексерді.
Мониторингке барлығы 24 416 келгендер алынды, 23 522 қамтылды, мониторингтен 19 247 алынды, соңғы 14 күнде келген 5169 адам медициналық бақылауда қалды және ауруханаға жатқызылғандар 727 адам.
Бүгінгі күнге дейін ЖРВИ белгілерімен 155 адам көпшіліктен оқшауланып, емдеуге жатқызылды, оның 144 шығарылды, стационарларда медициналық бақылауда 11 адам қалды.
Үш авиарейспен ҚХР-ның Ухань қаласынан және Пекин қаласынан эвакуацияланған Қазақстан Республикасының барлық азаматтары шығарылды. Барлық COVID-19 зерттеу нәтижелері теріс.
ҚХР Ухань қаласынан Ресей Федерациясына (Түмен облысы – 3 адам) және Өзбекстан Республикасына (5 адам) эвакуацияланған Қазақстан Республикасы азаматтарының жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы жоқ, ЖРВИ белгілері мен шағымдары анықталған жоқ.
Емдеуге жатқызылғандардың барлығының сынамасын қосымша бақылау үшін Алматыдағы Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығына жіберілді. Бұл орталық жаңа коронавирусты ПТР-диагностикалау әдістемесін игерген.
Республикада қолдаушы терапия үшін қажетті дәрілік заттар мен медициналық мақстаттағы бұйымдар бар, инфекциялық ауруханаларда оқшаулауға арналған бокстар бар орындар, дәрігерлік және орта медицина персоналы дайындалған.
Бұл жағдай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында екенін атап өту қажет.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жаңа коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін келесі алдын-алу шараларын сақтау қажет:
— қолдарыңыз бен бетті сабынмен жиі және мұқият жуыңыз;
— қолды залалсыздандыруда спиртті антисептиктерді қолдану;
— адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болыңыз;
— науқас адамдармен байланыста болмауға;
— суық тию белгілері (жоғары температура, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болған жағдайда, тұрғылықты жеріңіз бойынша дәрігермен кеңесу керек.
Ресми ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің Фейсбуктегі парақшасынан оқи аласыздар және туындаған сұрақтар бойынша 1406 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін Call-орталығына қоңырау шалуға болады.
egemen.kz сайтынан