ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА
Шымкенттің туристік әлеуеті артып келеді. Биылғы жылдың алғашқы алты айында қалаға келген туристер саны 23,3 пайызға өскен. Қонақтарды қабылдау мүмкіндігін...
Қазір жұмыспен қамту орталығының іші де, сырты да ығы-жығы болып жатыр. 1 қаңтардан бастап 4 баласы бар отбасыларға 42 500, 5 балаңыз болса – 53 125, 6 балаға – 63 750, 7 баласы бар отбасыға – 73 375 теңге көмек тағайындалды. Жаңартылған атаулы әлеуметттік көмекті алу үшін арлы-берлі ағылып жүрген аналар көп. Дәл қазіргі таңда ең күйіп тұрған тіршілікті байқап қайту мақсатында жұмыспен қамту орталығына бардық. Адамның көптігі сонша аяқ алып жүру мүмкін емес. Көпшілігі қандай құжаттың керек екенін әлі нақты білмейді де. Кейбір алтын құрсақты аналарымыз таң атпастан ашуға беріліп, ұрыс-керіс шығарып бірінің берекесін бірі кетіруде. Осындай дау-жанжалы бар ортаға бір кезде мегаполистің басшысы Ерлан Айтаханов кіріп келді. Сөйтсек, әкім жүйемен танысып, мәселеге өзі көз жеткізбек болған екен. Орынды. Халықтың ортасынан табылып, тіршілігін көзбен көргенге не жетсін.
Айтаханов ұзын-сонар кезектің ортасына кіріп кетіп аналардың өтінішіне құлақ түрді. Кеңес беретін, өтініш қабылдайтын нүктелер қажет-ақ екен. Осы мәселені білген әкім жұмыспен қамту орталығының мамандарына тапсырма жүктеді. Асыл жанды аналарға атаулы әлеуметтік көмекті түсіндіріп беретін орындарды көбейту керек екен.


Шымкенттің туристік әлеуеті артып келеді. Биылғы жылдың алғашқы алты айында қалаға келген туристер саны 23,3 пайызға өскен. Қонақтарды қабылдау мүмкіндігін...
Білім күні қарсаңында Шымкентте 40 отбасы баспаналы болды. Салтанатты рәсімде қала әкімі жаңа пәтер иелеріне баспана кілттерін табыстап, қуанышты сәттерімен...
Шымкентте Республика күніне орай «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті. Қаланың бес ауданын қамтыған тазалық шарасы аясында Қошқар ата өзенінің бойы...
Шымкентте жас ғалымдардың үздік жобалары анықталды. Ел болашағына бағытталған тың бастамалар мен ізденімпаз жастардың басын қосқан «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауы өз...
Спорт саңлақтары еліміздің қоржынын тағы екі медальмен толықтырды. Жапонияда өткен жазғы V Азия Пара ойындарында Ибрагим Нұрмаханұлы пара дзюдодан чемпион...
Боз кілемнен әлемдік додада Шымкенттік спортшы ел мерейін үстем етті. Мейіржан Шермаханбет грек-рим күресінен 67 келі салмақта сынға түсіп қола...
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.