• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қыркүйек 2, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

Қала әкімі атаулы әлеуметтік көмек туралы біліп қайтты

09.01.2020
0

Атаулы әлеуметтік көмек. Бұл дәл қазіргі уақытта аналардың әлегі болып тұр. Жағдайы төмен, отбасының табысы жетпейтін жандарға берілетін мемлекеттің жәрдемақысын алғысы келетіндер көп. Талайдың басын қатырған 21 мың теңге 2020 жылдан бастап өзгергенін білесіз бе?

Қазір жұмыспен қамту орталығының іші де, сырты да ығы-жығы болып жатыр. 1 қаңтардан бастап 4 баласы бар отбасыларға 42 500, 5 балаңыз болса – 53 125, 6 балаға – 63 750, 7 баласы бар отбасыға – 73 375 теңге көмек тағайындалды. Жаңартылған атаулы әлеуметттік көмекті алу үшін арлы-берлі ағылып жүрген аналар көп. Дәл қазіргі таңда ең күйіп тұрған тіршілікті байқап қайту мақсатында жұмыспен қамту орталығына бардық. Адамның көптігі сонша аяқ алып жүру мүмкін емес. Көпшілігі қандай құжаттың керек екенін әлі нақты білмейді де. Кейбір алтын құрсақты аналарымыз таң атпастан ашуға беріліп, ұрыс-керіс шығарып бірінің берекесін бірі кетіруде. Осындай дау-жанжалы бар ортаға бір кезде мегаполистің басшысы Ерлан Айтаханов кіріп келді. Сөйтсек, әкім жүйемен танысып, мәселеге өзі көз жеткізбек болған екен. Орынды. Халықтың ортасынан табылып, тіршілігін көзбен көргенге не жетсін.

Айтаханов ұзын-сонар кезектің ортасына кіріп кетіп аналардың өтінішіне құлақ түрді. Кеңес беретін, өтініш қабылдайтын нүктелер қажет-ақ екен. Осы мәселені білген әкім жұмыспен қамту орталығының мамандарына тапсырма жүктеді. Асыл жанды аналарға атаулы әлеуметтік көмекті түсіндіріп беретін орындарды көбейту керек екен.

Атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін жеке куәлікпен барасыз. Және қай айдан бастап өтініш білдірсеңіз, сол сәттен бастап жәрдемақы тағайындалады. Бірақ, мемлекеттің беріп жатқан тегін ақшасына телміріп жүргендерге айтарымыз қаражат қолыңызға тиген соң, сізге табыс әкелетін кәсіпке жұмсауыңыз қажет. Еңбектеніп таппаған қаражаттың қадірі болмайды деген рас секілді. Өйткені, кейбір отбасы мемлекеттің ақшасын алып, оңды-солды жаратып жүр. Тіпті ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткені де жасырын емес. Жәрдемақыны алу үшін мүлкін жасырып әлек болып жүргендер қанша ма десеңізші. Ол аз десеңіз ажырасуға дейін барады екен. Иә, «оңай жерде нан жоқ» деген нақыл сөз текке айтылмаған екен ғой.

Қаланың басшысы бұл күні көпбалалы аналардың ұсынысына құлақ түріп, атаулы әлеуметтік көмек туралы біраз мәліметті біліп қайтты. Ортасында мемлекеттің жәрдемақысын алып, кәсіп ашқандар да кезіктірді. Шын мұқтаждар шынын айтты.

Мемлекет басшысы көмекке шын мұқтаждар шетте қалмасын деді. Және жұмыс істегісі келмей жеңілдің астымен, ауырдың үстінде жүргісі келетіндерді анықтау керек деп тапсырған болатын. Содан бері атаулы әлеуметтік көмекке байланысты талап күшейді. Енді оңды-солды берілмейді. Сондықтан шын мұқтаждарға жол беріңіз…

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

БОЗАРЫҚТА 40 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

БОЗАРЫҚТА 40 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Айғақ медиа
06.08.2026
0

Шымкентте 40 тұрғынның көптен күткен арманы орындалды. Әлеуметтік санаттағы азаматтарға арендалық тұрғын үйдің кілті табысталды. Жылдар бойы баспана кезегінде тұрған...

ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ ТИІМДІ ТАҢДАУ ҰСЫНЫЛДЫ

ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ ТИІМДІ ТАҢДАУ ҰСЫНЫЛДЫ

Айғақ медиа
21.07.2026
0

Болашаққа бастар маңызды қадам – бүгінгі таңдау. Шымкентте талапкерлерге арналған мамандықтар жәрмеңкесі өтті. Бір алаңға жиналған жоғары оқу орындары мен...

АЙМАҚТЫҚ КАРДИОХИРУРГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

АЙМАҚТЫҚ КАРДИОХИРУРГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

Айғақ медиа
21.07.2026
0

Балалар кардиохирургиясын дамыту бағытында маңызды жоба қолға алынды. Жыл соңына дейін Шымкентте республикалық деңгейдегі аймақтық кардиохирургиялық орталық ашу жоспарланып отыр....

БАСПАНА БАҚЫТЫНА КЕНЕЛГЕН 30 ОТБАСЫ

БАСПАНА БАҚЫТЫНА КЕНЕЛГЕН 30 ОТБАСЫ

Айғақ медиа
21.07.2026
0

 Шымкентте халықты тұрғын үймен қамту бағытындағы жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Осыған орай қалада тағы 30 отбасы көптен күткен баспаналарына...

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА БЕТБҰРЫС

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА БЕТБҰРЫС

Айғақ медиа
17.07.2026
0

Елімізде жаңа Конституцияның ресми күшіне енуіне орай Жұмабек Тәшенов атындағы университетте дөңгелек үстел өтті. Басқосуда Ата заңда айқындалған білім беру,...

БІРҚАТАР ЖОҒАРЫ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАР ҚАЙТА ТАҒАЙЫНДАЛА АЛАДЫ

БІРҚАТАР ЖОҒАРЫ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАР ҚАЙТА ТАҒАЙЫНДАЛА АЛАДЫ

Айғақ медиа
17.07.2026
0

Конституциялық Сот Ата заңның бірқатар нормаларына ресми түсіндірме берді. Онда Жаңа құжаттың 43, 72, 83 және 84-баптарында көзделген жоғары мемлекеттік...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.