Оңтүстіктің ескекшілері тағы да ерледі. Бұл жолы ағайынды Сергей мен Тимофей Емельяновтар екілік каноэда 1000 метрге жарысып, алтыннан алқа тақты. Белоруссияның астанасы Минск қаласында 23 жасқа дейінгілер арасында өткен Әлем чемпионатында осылайша, Оңтүстіктің қоржынына екі бірдей медаль салынды. Оның бірі осы алтын болса, екіншісі – қола медальді жеке каноэда 200 метрге ескек есуде Сергей Емельянов алды. Әлем чемпионатындағы екінші орынды румындықтар еншілесе, украиналық спортшылар алғашқы үштікті қорытындылады.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі