Елу жылдан аса тарихы бар еңселі оқу орнын енді Сейділла Мыңбай басқарады. Жаңа басшы жауапкерлішігі аса зор салада ұзақ жылдар ұстаздық қызмет атқарған. Түлкібас ауданы халқы үшін ең тиімді білім ордасында қазіргі таңда 800 — ден аса студент білім алады екен. Тарихы тереңде жатқан колледжде 123 қызметкер еңбек етеді. Олар ұжымның биік белесті бағындыруына, сапалы әрі білікті кадрлар даярлауда бар күшін салып келеді. Ауыл шаруашашылығы, тамақтандыру, өнім өндіру, экология және табиғатты қорғау, ветеринария сынды 8 мамандық бойынша білім беретін оқу ордасында биылғы жылы 200 балаға мемлекеттік грант бөлініп отыр. Ал қалған екі топта ақылы бөлімге студенттер қабылдамақ. Колледж даярлаған мамандарды жұмысқа қамту бойынша жүйелі жұмыстар да жүргізілген.
Еңлік ЗАМАНХАН